20 Ноябрь
09:43
Астана: -2 °C
Алматы: -9 °C
USD/KZT: 332.21
EUR/KZT: 391.74
RUB/KZT: 5.57
CNY/KZT: 50.08
Мәдениет
14 қазан 13:37
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Бүркітші Айшолпан туралы деректі фильм Оскар сыйлығына ұсынылмақ (ФОТО/ВИДЕО)



Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында тұратын бүркітші Айшолпан туралы деректі фильмді Оскар сыйлығына ұсыну жоспарлануда.

Ұлыбританиялық режиссер Отто Белл The National Geographic-ке берген сұхбатында фильмді түсіру барысында қыздың қайсарлығына, түсірілім кезінде өз-өзіне сенімді болғанына, суық ауа райына қарамастан салмағы 15 келіден астам бүркітті тауда еркін көтеріп жүргеніне тамсанатынын айтқан болатын.

Бұған қоса, үш адамнан тұратын түсірілім тобы өздерінің 50 градус аязда тоңып, қалың қармен әрең қозғалғандарын тілге тиек ете келіп, Айшолпанның тізеден жоғары қалың қармен жылдам жүріп қана қоймай, камера алдында өзін еркін ұстай білгеніне таңдай қағысты. 

Айшолпанды қыз балаларға жат мұндай кәсіпке үйреткен негізгі тәлімгері - оның әкесі. 



Бұған дейін «The Eagle Huntress» фильмі «Сандэнс» кинофестивалінің сенсациясына айналғанын әлемдік БАҚ жарыса жазған болатын.





Айдар Жанай
 
нравится:    1154
Теги: Кино және ТВ,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии