17 Август
23:32
Астана: 20 °C
Алматы: 18 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Экономика
29 сәуір 16:56
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

«БЖК-2020» жаңартылған бағдарламасы кәсіпкерлер үшін қолжетімді
Қазақстанда қабылданған «Бизнестің жол картасы - 2020» Бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы алдында жұмыс жасаған сәйкес бағдарламалармен салыстырғанда бизнеске қолдаудың әлдеқайда қолжетімді формаларын қысқа мерзімде ұсынады, деп мәлімдеді бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.



«Алғаш рет «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдаудың және дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында «Даму» қоры тарапынан кепілдендірілетін 180 млн теңгеге дейінгі жобалар өңірлік үйлестіру кеңесіне енгізілмейді. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлерге қаржыға қол жеткізу үдерісін айтарлықтай жеделдетеді», - деді Л.Ибрагимова.

Ол хабарлағандай, 2015 жылғы 31 наурызда ҚР Үкіметінің қаулысымен «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдаудың және дамытудың бірыңғай бағдарламасы бекітілді.

Бірегей бағдарламаның басты мақсаты – ауыл-аймақтарда, шағын және моноқалаларда тұратын кәсіпкерлерге қаржылық құралдарды қолжетімді ету. Бағдарламаны жүзеге асыру арқылы ауылдардағы, шағын және моноқалалардағы кәсіпорындардың қуатын арттыру көзделген.

Сонымен қатар, бағдарламаның бірқатар міндеттері бар: тұрғындарды кәсіп ашуға ынталандыру, өңдеуші салалардағы кәсіпорындардың тауар шығару әлеуетін арттыру, бәсекеге қабілетті өндіріс орындарын ашу, тұрғындарды шағын және орта бизнес саласына көптеп тарту, шетел валюталары бағамының құбылуына байланысты валюталық тәуекелдердің несиелерге әсер етуін болдырмау.

«Бизнестің жол картасы - 2020» төрт бағыт бойынша жүзеге асырылады. Біріншісі - жаңа бизнес жобаларды қолдау. Бұл бағыт, әсіресе, ауылдық жерлер мен шағын және моноқалаларда тұратын кәсіпкерлерге, кәсіп ашып, шаруасын дөңгелеткісі келетіндерге арналған. Аталған елді-мекендердің тұрғындары үшін ешқандай салалық шектеу жоқ.

Екінші бағыт - салалық қолдау. Бұл бағыт бойынша мемлекеттік қолдау экономиканың басымдық берілген салаларындағы кәсіпкерлерге, сондай-ақ, Индустриалды-инновациялық бағдарламаның екінші бесжылдығы аясындағы өңдеу өнеркәсібі салаларына беріледі.

Үшіншісі - валюталы тәуекелдерді болдырмау.

«Біз валюталық несиелерді, табысының 10% валюта түрінде болатын кәсіпорындардың несиелерін субсидиялаймыз, пайыздық үстемақы қор тарапынан бекітілетін болады»,- деп түсіндірді Ибрагимова.

Ол сондай-ақ, төртінші бағыт қаржысыз көмектер көрсетуді қолдауды қарастыратынын айтып өтті. Оған кәсіп ашуға ынталы және шаруасын дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер қатыса алады. Бұл бағыт бойынша қолға алынған шаралардың бірқатарын «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүзеге асырады.

Бағдарламаға сәйкес жаңа бизнес жобаларды жүзеге асыру төмендегі құралдар арқылы жүзеге асырылады: несие/лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы үстемелерін субсидиялау. Субсидияның мөлшері – несие/лизинг бойынша сыйақы үстемесін жылдық 10%; несиелерді ішінәра кепілдендіру; 20 млн теңгеге дейін қаржы алған кәсібін енді бастағандардың несиесі 85% дейін, ал шаруасын дөңгелетіп отырғандардың 180 млн. теңгеге дейінгі несиелерінің жартысына жуығы - 50% - кепілдендіріледі; мемлекеттік гранттар беру. Бір кәсіпкер 3 млн. теңгеге дейін грант ала алады.

Өз кезегінде, салалық қолдаулар мынадай құралдар арқылы жүзеге асырылады. Басымдық берілген салалар бойынша 360 млн. теңгеге дейінгі несиелердің 50% кепілдендіріледі. Өңдеу өнеркәсібі саласындағы жобаларға бөлінген 1,850 млрд. теңгенің несиелері 20% кепілдендіріледі.

Аталған жаңа бағдарламаның қаржылық агенті болып «Даму» қоры, ал операторы болып «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен әкімдіктер бекітілді.

«Даму» қоры банктердегі несиелер мен лизингтік компанияларды субсидиялап, жеке кәсіпкерлік нысандарына кепілдеме береді. Бұған қоса, қор қаржысыз жүзеге асырылатын «Іскерлік байланыстар» және «Аға сеньорлар» деп аталатын жобалардың да негізгі орындаушысы болып табылады.

Дереккөзі: business.gov.kz
 
нравится:    744
Теги: Бизнес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии