17 Декабрь
23:44
Астана: -18 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Экономика
11 сәуір 11:44
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

БЖЗҚ қаржысы 30 банкке беріледі


Ұлттық банк Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) активтерді инвестициялау әдістерін бекітті. Бұл туралы қаржы реттеушінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа әдіс бойынша БЖЗҚ-дағы қаржыны 35 банктың 30-ы иеленеді.

“Қазіргі уақытта Ұлттық банк БЖЗҚ-дағы зейнетақы активтерін инвестициялаудың жаңа әдісін және олардың кредиттік рейтингісіне байланысты қажетті табыс көлемін  бекітті”,-деп атап өтті Ұлттық банктен.

Жаңа тәсілдеме бойынша қаржы банктерге несиелендіру потенциалын, актив құрылымын және міндеттемелерін ескере отырып беріледі.

“Ол банктерге БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін инвестициялау шарттары жіберілді. Зейнетақы қорлары 3,5 жылға инвестицияланады, олардың 6 айы банктерге игеру үшін беріледі”, -деді қаржы реттеуішінен. Аталған процесс осы жылдың мамырының соңына дейін аяқталуы қажет.

Игерілген қаржының тиімді пайдалануын басқылау үшін “Даму” қоры тартылмақ.

Осыған дейін хабарланғандай, БЖЗҚ-дағы 1,4 трлн теңге ел экономикасына инвестицияланбақ. Нақты айтқанда, 500 млрд теңге шетелдік валютаға айналдырылып, сыртқы нарыққа салынады. Бұл қаржы қор портфелінің диверсификациясын қамтамасыз етіп, зейнетақы жинақтарының табыстылығын арттыру мақсатында пайдаланылмақ. 600 млрд теңгеге қайтарымды негізде екінші деңгейлі банктер мен ұлттық холдингтердің  облигациялары сатып алынады.

Дереккөз:LS
нравится:    784
Теги: Нарық және тұрмыс,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии