19 Август
13:23
Астана: 19 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
7 шілде 09:16
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

«Cақалды қалыңдық» әлеуметтік желіні дүр сілкіндірді (видео)
 Ұлыбританияның 24 жастағы тұрғыны Харнаам Каур бойжеткен ретінде келбетін сақал бұзып тұрса да, тұрмысқа шығуға әзір. Бұл үшін ағылшындық ару атақты лондондық фотограф жобасының аясында  фотосессияға қалыңдық киімімен қатысты.



Харнаам ағзасында гормональдық өзгеріс орын алған. Оған сақал мен мұрт 11 жасынан шыға бастаған. Бұл үшін тіпті өзіне қол салғысы келген күндер де болған. Алайда бұл ойынан бас тартқан. Өткенде телеарналардың біріне берген сұхбатында бойжеткен сыртқы келбетін мақтан тұтатынын айтқан.
-   Менің бар болмысым - осы. Қасымдағы адамдар мен қандаймын, солай қабылдаса деймін, - деді «сақалды қалыңдық».
Харнаам Ұлыбританияда тұрса да, түп тамыры үнділік екенін айта кеткіміз келеді. Ол сикхизм дінін ұстанады. Бұл дінде денедегі түкті қыруға тыйым салынған. Бойжеткен бұрын сақал-мұртын қырып тастағысы келсе, бұл дінді қабылдағаннан кейін ол ойынан бас тартқан.



Дерекккөзі: dni.ru
нравится:    747
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии