13 Декабрь
21:08
Астана: -25 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Кербез
5 мамыр 17:39
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Cән әлемінде танымал "Оксфорд" туфлилері
Бастапқыда оксфорд туфлилері ер адамдарға арналған еді. Қазіргі күнде әйел заты да өкшесі 3-4 см классикалық және 7-8 см қалың өкшелі оксфорд туфлилерін киіп жүр.


Оксфорд дегеніміз не? Оксфорд немесе оксфорд туфлиі – былғарыдан жасалған, бауы бар, бұрғылап тесілген және қайып тігілген классикалық бәтеңке. Оксфорд қаласының аты берілген.

Қазіргі күнде оксфордтарды тек былғарыдан ғана емес, жұмсақ теріден, лакты былғарыдан және текстильден тігеді. Дизайнерлер байырғы ережеден алшақтап, бұл туфлилерді тек классикалық қара, ақ, ақшыл түсте емес, қызыл, металл, көк және т.б. түсте тігіп, сатылымға шығарып жүр.

Биік өкшелі оксфордтар сән әлеміне енгелі бұл туфлилердің танымалдылығы артты.

Дәл осы суреттегі үлгі біздің елде өте танымал болып келеді. Бұл бәтеңкелерді мектеп оқушыларына, студенттерге және кеңседе жұмыс істейтін адамдарға сай аяқ киім деп санаймыз. Өз басым, оксфордтарды 3 жыл қатарынан алып, киіп жүрмін. Себебі, өте жайлы, сәнді аяқ киім екеніне көзім жетті. Егер алатын болсаңыз, таза былғарыдан алғаныңыз дұрыс. Оның сапасы жоғары, аяқты терлетпейді және өте ыңғайлы болары сөзсіз. Оксфорд туфлилерінің биік өкшедегі түрлерін киіп жүрген қыз-келіншектердің айтуынша, биік болғанына қарамастан, жүру, тіпті, жүгіруге де ыңғайлы болып келеді, әрі кез келген киіммен үйлесе береді.

Бұрынырақта, оксфорд бәтеңкелерін тек классикалық костюммен кию керек болған екен. Бүгінгі күнде дизайнерлердің бұл туфлилердің жаңа түрлерін ойлап табуының арқасында, әрі сән әлемінің бір орнында тұрмауына орай, оксфорд туфлилерін көйлек, белдемшемен де киюге болады. Алайда, бірер ережелер жоқ емес. Жұмсақ теріден және былғарыдан тігілген оксфордтарды күнделікті, ал кештерге, той-жиындарға лакталған былғарыдан жасалған оксфорд туфлилерін киген жөн.

Бұл аяқ киімді британдық студенттер классикалық шалбар және шұлықпен киюші еді. Қазір оксфордтарды джинсы шалбармен, шұлықсыз кие беруге болады. Алайда, осы аяқ киімнің әдемілігін толық көрсету үшін, джинсы шалбардың балағын қайырып киген ерекше сән беріп тұрады.

Ер адамдарға да оксфорд бәтеңкелері өте жарасымды келеді. Мектеп, университет, жұмыс, тіпті, кездесуге де киіп шығатын аяқ киім осы емес пе?


1 үлгі: Жұмысқа, кеңсеге арналған:



2-үлгі: Кездесу, қыдыруға арналған:



Негізінде, сән әлемінде танымал, әрбір адамға жарасатын, кез келген жерге киіп баруға болатын, сізді байсалды, байыпты етіп көрсететін аяқ киім – оксфорд. Өзіңізге ұнамдысын таңдап, сатып алыңыз.

Егер осы аяқ киімді белгілі бір киіммен киюге болады ма деген немесе басқа да сұрақтарыңыз болса, жауап беруге әзірміз! Күз келді, оксфорд бәтеңкелерін алатын кез келді.

Сәттілік! Әрқашан сұлу да сәнді болып, жарқырап жүре беріңіздер!

Дереккөзі:massaget.kz
нравится:    1659
Теги: Сән әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии