|    |  
21 қараша 2018
14:59
қаз
Царнаевтың тағы бір досы екі жарым жылға сотталды
19 маусым, 10:19 702


АҚШ-та Қырғызстан азаматы, Бостон марафонындағы жарылыстарды ұйымдастырды деп сотталған Джохар Царнаевтың досы Хайрулложон Матанов "жарылысқа қатысты істі тергеуде жалған куәлік берді" деген айыппен екі жарым жылға сотталды. Сот үкімі маусымның 18-інде Массачусетс федералдық сотында оқылды.

Такси жүргізушісі болған Матанов жарылыстардан төрт күннен кейін полицияға барып, ағайынды Джохар және Тамерлан Царнаевтарды ақпарат құралдарында тараған фоторобот арқылы танығанын айтқан. Бірақ тергеушілер ол Царнаевтармен бұрыннан таныс болса да олармен аса таныс емесін айтып, билікті жаңылыстырды дейді. Кейін Матановтың терактіден бірер сағаттан соң Царнаевтарды мейрамханаға шақырғаны анықталған.

Хайрулложон Матанов соттағы соңғы сөзінде "Мен Федералдық тергеу бюросын алдағаным үшін кешірім сұраймын. Мен террористерді ұнатпаймын" деді. Билік Матанов Царнаевтардың теракті жасау жоспарын расымен білмеген, бірақ оның жалған куәлік беруі тергеушілердің уақытын жоғалтты дейді.

Матанов 2014 жылдың мамырында тұтқындалған.

Судья Матанов адвокатының оны оқуын жалғастыра алуы үшін жалпы режимдегі колонияға орналастыру өтінішін қанағаттандырды.

Дереккөзі: Азаттық
Теги: Главная
Жаңалықтар