Әлем жаңалықтары
13 шілде 09:57
Царнаевтың үстінен тағы да жаңа қылмыстық іс қозғалуы мүмкін


Өлім жазасына кесілген Джохар Царнаевқа  Америкалық Миддлсекс округінің прокуратурасы ағайынды Царнаевтарға лаңкестіктен кейін қылмыскерлердің ізіне түскен полицей Шона Кольены өлтірді деген күдік тағылып отыр.

Қазір Джохар Царнаев Колорадо штатындағы ерекше режімдегі түрмеде жатыр. Өлкелік прокурор Мэриан Райан тергеу шараларын жүргізу үшін Царнаевты Массачусетс штатына қайтаруды жоспарлауда. Прокурор хабарлағандай, қазіргі уақытта федералдық үкіметке сауал әзірленуде.

Құқық саласындағы сарапшылар федералдық сот өлім жазасына кескен жазасын өтеушіге жергілікті билік  қосымша айып таққан жағдайды бұрын-соңды   кездестірмегенін айтады, деп хабарлады РИА Новости.

Комментарии




Яндекс.Метрика