13 Декабрь
13:03
Астана: -24 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Әлем жаңалықтары
20 шілде 11:06
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Charlie Hebdo енді Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын баспайтын болды
Француздық Charlie Hebdo сатиралық апталығының бас редакторы Лоран Суриссо (Laurent Sourisseau) басылымның бұдан былай Мұхаммед пайғамбардың карикатураларын жарияламайтынын ресми мәлімдеді. Бұл туралы The Washington Post хабарлайды.



“Біз пайғамбардың карикатураларын пікір еркіндігі қағидаттарын қорғау мақсатында пайдаландық”, – деп түсіндірді Суриссо.

Оның айтуынша, басылым қызметкерлері сатиралық суреттерге деген құқықтарын қорғай алып, өз жұмыстарын атқара білді. Рисс (Riss) лақап атымен белгілі суретші бұл суреттерімен ислам дінін келеке етуді мақсат етпегенін алға тартты.

Бұған дейін Charlie Hebdo бас карикатурашысы Реналь Люзье (Renald Luzier) жұмыстан кетіп, Мұхаммед пайғамбардың карикатураларына енді қызықпайтынын мәлімдеген болатын.

2015 жылдың 7 қаңтарында Париждегі Charlie Hebdo сатиралық апталығының редакциясына 3 қарулы адам шабуыл жасаған болатын. Теракті кезінде 12 адам қаза болған. Олардың ішінде 10-ы басылым қызметкерлері. Кейіннен шабуылдағандардың көзі жойылғандығы хабарланды.

Дереккөзі: lenta.ru
нравится:    803
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии