23 Сентябрь
11:27
Астана: 0 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 340.11
EUR/KZT: 407.93
RUB/KZT: 5.91
CNY/KZT: 51.61
Әлем жаңалықтары
4 наурыз 10:43
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Charlie Мәскеудегі бала күтушінің құрбанын келеке етті
Британдық Vive Charlie сатиралық журналы Мәскеуде  күтушісі басын кесіп алған баланы келеке ететін карикатураны басып шығарды. Бұл карикатура трагедиялық жағдай туралы көпшілікке мәлім болғаннан кейін, бірнеше сағаттан кейін шыққан деп хабарлайды dni.ru.




Мәскеуде төрт жасар қызды өлтіріп басын кесіп алған Гүлчехра Бобокулова 29 ақпан күні “Аллаху әкбар” деп айқайлап баланың басын ұстап жүрген жерінен ұсталған еді. Ол «Октябрьское Поле» метро бекетінің жанына келіп өз-өзін жарамын деп қорқытқан.
 1977 жылы туған Өзбекстан тумасы Гүлчехра Бобокулова Мәскеудегі отбасылардың бірінде бала күтушісі болып істеген. Ол ата-анасының үйден кеткенін күтіп, сәбиді өлтіріп, үйді өртеп шығып кеткен. Өрт сөндірілгеннен кейін, баланың денесі табылды.



Vive Charlie басылымында жариялаған карикатурада  әйелдің баланың кесілген басын ұстап тұрған сәтін бейнелейді.

Осы жерде айта кетейік, британдық басылым аты шулы француздық Charlie Hebdo басылымына еш қатысы жоқ. Бұған дейін британдық Charlie Мысырда апатқа ұшыраған Ресей лайнерін де келекелеген болатын. 
нравится:    878
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии