21 Август
10:37
Астана: 19 °C
Алматы: 18 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Туризм
4 мамыр 14:55
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Чехия азаматтарының Қазақстандағы туристік бағдарларға қызығушылық артып келеді


Чехия барған қазақстандық туристердің саны 70 мыңнан асқан кездер болды. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның Чехиядағы Елшісі Сержан Әбдікәрімов мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, екі ел азаматтарында туристік қызығушылық артып келеді.
«Соңғы жылда Прагада біздің елшілік беретін визалар саны артып келеді. 2015 жылы және биыл чех бизнесмендеріне беретін визалардың тұрақты түрде артып келе жатқанын байқап отырмыз. Яғни, тек бизнесмендерге ғана емес, сонымен қатар туристік мақсатта келетіндердің қатары қалыңдап келеді. Әсіресе, Чехия азаматтарына біздің  көркем табиғатымыз, таулар, Ұлы Жібек жолы ұнап отыр. Осы ретте біз бұл елдің азаматтарына берілген туристік визалардың өскенін айта аламыз»,-деді С. Әбдікәрімов.
Сонымен қатар ол Чехия бұрыннан танымал туристік бағыт ретінде белгілі екенін еске салып өтті. Бұл елдің минералды бұлақ көздері ерекше сұранысқа ие. Атап айтқанда, жаз кезінде адамдар көп баратын маусымда қазақстандық туристердің саны 70 мыңнан асқан көрінеді. Астанадағы чех елшілігінің мәліметі қарағанда, қазақстандықтарға өткен жылы 12 мың виза берілген екен.
Айта кетейік, биылдың төрт айында Қазақстанның Прагадағы дипломатиялық өкілдігі Чехия азаматтарына 738 виза берді. 

Дереккөзі: ҚазАқпарат

 
нравится:    629
Теги: Туризм жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии