20 Август
06:04
Астана: 11 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
12 мамыр 09:59
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Чехияда бала туылғаннан кейін ақы төленетін «әке демалысы» енгізіледі


Чехия үкіметі сәрсенбіде заңнамаға өзгеріс енгізді, оған сәйкес жаңа туылған нәрестелердің әкелері ақы төленетін апталық демалыс алады. Бұл туралы премьер Богуслав Соботка өзінің Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді.
«Балалары бар отбасыны қолдау аса маңызды, - деп жазды ол.  - Үкімет «әке демалысы» тармағын мақұлдады». Бұл әкелерге бір апта нәрестенің жанында болуға мүмкіндік береді.
Әкелер демалыста болғанда, олардың 70 пайыз жалақысы сақталады деп болжанған. Заңға енгізілген бұл түзетуді парламент мақұлдап, президент қол қоюы тиіс, деп жазды РИА Новости.
Еңбек және әлеуметтік істер министрі Михаэла Марксованың айтуынша, «әке демалысы» ел бюджетіне жыл сайын қосымша 630-800 миллион (шамамен 26-33 миллион доллар) кронға түседі.
 
нравится:    672
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии