21 Август
04:55
Астана: 8 °C
Алматы: 10 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
28 мамыр 15:41
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Челябілік спортшы екі қабатты үйді орнынан қозғады
Челябілік спортшы екі қабатты үйді орнынан қозғады
 

Челябинск тумасы Эльбрус Нығматуллин әлемдік деңгейдегі жаңа рекорд орнатты. Қара күш иесі салмағы 30 тонналық екі қабатты үйді 2 метрден астам жерге дейін тартып, сүйреді. Көрмеге шығарылатын үлгіде салынған коттедж жерден арнайы көтеріліп, шойын жолға көтерілген екен. Спортшы үйді сүйреген уақытта ішінде жиһазы, кеңсе техникасы мен гүлдер болған. Палуанның бұл рекордын бүкіл қала тұрғындары қызықтады. Ал наурыздың басында Эльбрус Нығматуллин 700 келілік түйені көтерген еді.  Рекордшы жаңа жетістігін Халықаралық балаларды қорғау күніне арнапты.
«Ресейдің ең күшті адамы» атты жарыстың төрт дүркін жеңімпазы атанған палуан Гиннесс рекордар кітабына енген бірнеше жеңістерімен танымал. «Википедияда »берілген мәліметтерге сай Нығматуллинның бойы 180 см,ал салмағы – 139 кг құрайды.
нравится:    574
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии