20 Октябрь
18:34
Астана: 8 °C
Алматы: 14 °C
USD/KZT: 334.11
EUR/KZT: 394.65
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.46
Спорт
27 қыркүйек 11:40
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Чемпиондар лигасы. 2 тур. 1-ші күн. Нәтижелер

 
«Баруссия» Д – «Реал Мадрид» 1-3
 
0:1 Бэйл (Карвахаль) 18'
0:2 Роналду (Бэйл) 49'
1:2 Обамеянг (Кастро) 54'
1:3 Роналду (Модрич) 79'
 
Корольдік клуб тағында һәм бабында әлі. Ла лигадағы осал ойындарының есесін чемпиондар лигасынан қайтарғысы келді ме, Зиданның бапкерлігіндегі команданың екінші тынысы ашылды бұл күні. Ойын есебін Карвахальдің шедевр пасынан кейін Бэйлдің фантастикалық соққысы ашты. Алғашқы тайым дәл осы есеппен аяқталған болатын.

Ойынның екінші жартысында айдаһарлар елінің сүр мергені Бэйлдің пасымен әлемнің үздік ойыншысы Криштиану Роналду есепті еследі. Германияның ең сүйікті, және жас талантты жүрісінен тануда алдына жан түсірмейтін Дортмунттықтардың да берер жауабы әзір екенін көрсетті. Нақтырақ айтқанда әлемнің ең жылдам шабуылшысы деген статусты еншілеген Пьер Обемеянг  есеп айырмасын бір голға қысқартты. Алайда 4 дүркін әлемнің үздік футболшысы болып танылған Криштиану Роналду ЧЛ-дағы соңғы жеті ойындағы алтыншы дубьлін жасап, «Аралардың» жеңіске деген күдерін бір жола үзген болатын.   Атап өтетін тағы бір жайт, бұл Крироның Корльдік клуб үшін өткізген 400-інші ойыны. Аталмыш аралықта ол Реал сапында 413 гол соғым 111 нәтижелі пас берген.
 
«АПОЕЛ» - «Тоттенхэм» 0:3
 
36 Кейн
62 Кейн
67 Кейн
 
Аталмыш ойын күтілгендей нәтижемен өтті. Почеттиноның жігіттері допты толығымен «АПОЕЛ»-ге бере салды. Мұны күтпенген Кипдің бас командасы не істерін білмей абрап қалғанда ағылшындардың басты сүр мергені Гарри Кейн соңғы бір жыл ішіндегі 6-шы хет-тригін салып үлгерді.
 
«Напали» - «Фейнорд» 3-1
 
7' Инсинье, 1-0
49' Мертенс, 2-0
70' Кальехон (Мертенс) 3-0
90+3' Амрабат 3-1

 Ұмытылмаған пенальти: 68' Торнстра ("Фейеноорд")
 
Ойын тартысты өтті деуге келмейді. Диего Марадоннаның экс командасы бұл күні де өзіне тән тамаша ойын үлгісі көрсетіп, ЧЛ-дегі алғашқы жеңістеріне қол жеткізді. Голландиялықтардың сапында Торнстраның 11 метірлік айып добынан қиыс кеткені, Неаплдықтардың шаруасын жеңілдеткендей болды.
 
«Монако» - «Порту» 0:3
 
31  Абубакар
69  Абубакар (Марега)
89  Лаюн (Марега)
 
Францияның былтырғы чемпиондары жазғы трансфер кезінде командасының 60 пайызынан айырылған болатын. Былтырғы чемпиондар лигасының ең жарық жұлдыздарына айналған команда, биыл біршама әлсірейтіні белгілі болған. Алайда, дәл бұлай құлдырау көп жанкүйердің көңілін күмілжітіп қойғаны анық.
 
Дереккөз: Reactor
 
 
 
 
 
 
нравится:    88
Теги: Спорт жаңалықтары, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии