23 Сентябрь
09:57
Астана: 1 °C
Алматы: 16 °C
USD/KZT: 340.11
EUR/KZT: 407.93
RUB/KZT: 5.91
CNY/KZT: 51.61
Спорт
3 қараша 15:49
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Чемпиондар лигасы: «Астана» мен «Атлетико Мадрид» клубтары кездеседі
Елордада кәрі құрлықтағы ең беделді теңбіл доп бәсекесі жалғасады. Жергілікті «Астана» футболшылары Еуропа чемпиондар лигасының төртінші кезеңінде Испанияның «Атлетико Мадрид» командасын қабылдайды.



Кеше екі команданың да ойыншылары «Астана-Арена» кешенінде жаттығу өткізді. Елордалықтар бұл жолы толық құраммен өнер көрсетпек. Бас бапкер Станимир Стойловтың айтуынша, қарымта ойынға құрамдағы Неманья Максимовичтің шығу-шықпауы әзірге белгісіз. Айта кетейік, «Астана» клубы өз алаңында өткізген ойындардың бірде-бірінде де есе жібермеген. Сондықтан жергілікті жанкүйерлердің қызу қолдауы қосымша күш береді дейді команда өкілдері. Станимир Стойлов, «Астана» ФК бас бапкері: - Ертең ойыншыларым алаңда бар күшін салады. Мен «Атлетиконың» мықтырақ екенін білемін. Дегенмен өз шәкірттерімді ұқыпты ойнауға шақырамын. Қарсыластар сапында техникалық тұрғыда мықты футболшылар бар. Бізде олардан еш кем түспейміз. Дегенмен ұсынылып отырған жағдай екі командаға да ортақ. Сондықтан ең жоғарғы дәрежедегі ойынымызды көрсетпекпіз. Рохер Каньяс, «Астана» ФК футболшысы: - Жасанды алаңда доп өзгеше ұшады. Бірақ стадион бұл жолы жабық болады. Сондықтан екі командаға да бір жағдай жасалады. Бұл мүмкіндікті дұрыс пайдалануымыз керек. «Атлетико» сапында өз отандасым бар. Джексон Мартинеске қарсы доп теппекпін. Сәттілік бұл жолы менің жағымда болуы тиіс.

Дереккөзі: 24kz
нравится:    622
Теги: Спорт жаңалықтары, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии