|    |  
15 қараша 2018
13:20
қаз
Чили хайуанаттар бағында жантүршігерлік оқиға орын алды (ФОТО)
23 мамыр, 14:59 3465



Чили астанасы Сантьяго қаласындағы хайуанаттар бағында екі арыстанды жыртқыштар жатқан қоршауға өтіп кеткен ер адам үшін атып өлтірді. Болжам бойынша, арыстандарға жүгірген адам өз өмірімен қоштаспақ болған, деп жазады ВВС агенттігі.

Оқиға түсте, келушілер қатары көбейген сәтте болған. Ер адам арқанның көмегімен арыстандар жатқан қоршауға шығып, киімдерін шешіп тастап, арыстандарға қарай жүгірген. Жыртықыштар сол жерден оны бас салған. 



Зообақ меңгерушісі Алехандра Монтальбаның айтуынша, хайуанаттар бағында дәл сол сәтте жыртқыштарды ұйықтатын оқ-дәрі болмаған. Сондықтан, қызметкерлер оларды атып тастауға мәжбүр болды. 
«Бұл оқиға біздің құтымызды қашырып отыр. Өйткені, зообақтағы хайуанаттар біздің отбасы мүшеміз секілді. Өлтірілген арыстандар мұнда 20 жылдан бері бар еді», -деді Алехандра Монтальба.




Жапа шеккен ер адам ауруханаға жеткізлді. Оның жағдайы өте ауыр, деп бағалады дәрігерлер. Ер адамның қалтасынан өсиетхат табылды.
 
Жаңалықтар