|    |  
20 қыркүйек 2019
14:52
қаз
​Чипсы ғана жеп диета ұстаған жігіт көру қабілетінен айырылды
03 қыркүйек 2019, 16:29 37
Ұлыбританияда 17 жастағы жасөспірім он жыл бойы тек қана чипсы жеген. Соның салдарынан көру қабілетін жоғалтып, есту қабілетінен айырылған.


 
Ол бала күнінен жеміс-жидек пен көкөністі ұнатпаған. Сол себепті жеті жасында барлық тамақтан бас тартып, фастфуд қана жеуге көшкен.
 
Ол он жыл бойы фри картобын, чипсы, бургер ғана жеген. 15 жасында денсаулығы сыр бере бастаған. Тағы екі жыл өткенде ол есту, көру қабілеттерін жоғалтқан. Дәрігерлер сол кезде ғана оның ағзасында кальций, дәрумендер мен минералдар жетіспейтінін анықтаған.

Дереккөз: Лайф.ру


Жаңалықтар