20 Сентябрь
19:01
Астана: 25 °C
Алматы: 25 °C
USD/KZT: 340.95
EUR/KZT: 408.73
RUB/KZT: 5.87
CNY/KZT: 51.80
Экономика
30 маусым 09:31
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

CNPC Ресейден мұнай тасымалын ұлғайпақ
Қытайдың CNPC мұнай-газ корпорациясы Ресейден қара алтын тасымалын ұлғайтуға ниетті. Және ол Қазақстан аумағын айналып өтпек. Бұл жайында «Коммерсантъ» газеті жазады.



Аспан асты елі 19 маусым күні «Шығыс Сібір - Тынық мұхиты» - «Сковородино-Мохэ» құбырының екінші кезеңін салуға келісім берді. Бұл арқылы транзит мөлшері екі есе артып, 30 миллион тоннаға жетеді,- деп болжанып отыр. Құбырдың Ресей аумағындағы ұзындығы 64 шақырымды құраса, Қытай территориясында шамамен мың шақырымға жалғасады. Жалпы құбыр тарту ісі 2014 жылы аяқталуы тиіс еді. Алайда Қытай жобаны тоқтатып тастаған болатын. Бұған дейін Ресей 80 миллион тонна қара алтынның бір бөлігін Қытайға Козьмино порты арқылы, тағы бір бөлігін Қазақстан арқылы тасымалдамақ болған. Сарапшылар CNPC-дің мұнайды Козьмино порты арқылы импорттауы әлдеқайда ыңғайлы еді деседі. Қытай жоғарыда аталған мұнай құбырларын салуға келісім беру арқылы Ресеймен өзара ынтымақтастықты дамытпақ ниетте деген пікірлер де жоқ емес. Жоба 2018 жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Дереккөзі: astanatv.kz
нравится:    630
Теги: Қаржы және экономика,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии