18 Декабрь
16:58
Астана: -10 °C
Алматы: -4 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
28 қыркүйек 09:38
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Цукерберг босқындар лагерлерін интернетке қоспақ
Facebook-тің негізін қалаушы Марк Цукерберг босқындар лагерлерін интернетпен қамтамасыз етпек. Бұл жайында ол Нью-Йоркте өткен БҰҰ-ның тұрақты даму саммиті аясындағы форумда айтты.



Цукербергтің айтуынша, интернет-байланыс босқындарға тезірек көмек алуға және туған-туыстарымен хабар алмасып отыруға көмектеседі. Қазіргі таңда Жер шарының тек жартысының ғана интернетке қолжетімділігі бар екен.
“Егер сіздер адамдардың азық-түлік, медициналық көмек, білім алуына көмектескіңіз келсе, бүкіл әлемге байланыс орнату керек. Интернет қазіргідей тек 3 млрд адамға ғана қолжетімді болмауы керек”, – деді ол аталған жиын барысында. Бұл туралы The New York Times хабарлайды.
Facebook басшысы Эфиопия мен Танзания шаруаларын мысалған келтірді. Аталған елдерде ауылшаруашылық өнімдерінің бағасын диқандар интернет арқылы бақылап, ауа райының қолайсыздығы жағдайында интернет арқылы өнімдерін сақтандырады. Сондықтан да интернеттің адам өміріндеі маңызды құрал екендігін Цукербер тілге тиек етті.

Дереккөзі: lenta.ru 
нравится:    785
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии