18 Декабрь
20:36
Астана: -18 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
23 қараша 09:33
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Цукерберг декреттік демалысқы шықпақшы
Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаған, әлемдегі ең жас миллиардер Марк Цукерберг қызы дүниеге келгеннен кейін екі айге декреттік демалысқа кететінін жария етті. Бұл туралы ол өзінің сервистегі парақшасында хабарлады деп жазады lenta.ru



«Бұл – менің жеке шешімім, мен баланы күту үшін екі айлық демалыс аламын деп шештім», -деп жазады Цукерберг.  Ол сонымен бірге бала туғаннан кейін ата-ананың оны қалай күтуі керектігі жазылған зерттеу қорытындысын мысалға келтірілген.
 
Еске сала кетейік, 2012 жылы Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаған Марк Цукерберг Присцилла Чанға үйленген болатын.   

Цукербергтің әйелі Присцилла Чан Калифорния университетінің (АҚШ) медицина факультетін бітірген. Жас жұбайлар тоғыз жыл бұрын Цукерберг оқыған Гарвард университетінде (АҚШ) танысқан. 
Дүниеге енді келетін сәби Марк Цукербергдің алғашқы баласы болмақ. Бұған дейін Присцилла қанша рет бала көтеріп, ана атанғысы келсе де бірнеше рет түсік тастаған болатын.
 
нравится:    763
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии