|    |  
21 қараша 2018
10:54
қаз
Цукерберг Қытай басшысынан болашақ қызына ат қоюын өтінді
05 қазан, 13:57 719
Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаған, әлемдегі ең жас миллиардер Марк Цукерберг  ҚХР төрағасы Си Цзиньпинянан болашақ қызына ат қоюын өтінді. Алайда өте ұстамды ҚХР басшысы бизнесменнің  бұл өтінішін «өте үлкен жауапкершілік» екендігін алға тартып, оны орындай алмайтындығын айтты.



Бұл кездесу АҚШ Президенті Барак Обаманың ҚХР төрағасы Си Цзиньпиняның елге жасаған ресми сапарына орай ұйымдастырылған  салтанатты кеш аясында өткізілген болатын деп хабарлайды The New York Post сілтеме жасап lenta.ru

Еске сала кетейік, осы жылдың шілде айында әлемдегі ең жас миллиардер Марк Цукерберг  өзінің жары Присцилла Чанның (тегі қытай американдық) жүкті екендігін және оның қыз бала екендігін жариялаған болатын.

Facebook басшысы 2010 жылы қытай тілін үйрене бастады. Ол 2014 жылы  Пекиндегі Цинхуа университетінде қытайша баяндама жасап, көпшіліктің таңдайын қақтырған болатын.

Жалпы Қытайда  Facebook желісіне 2009 жылдан бері ресми тыйым салынған. Қытай билігінің есебінше, елдегі оппозиция өкілдері осы әлеуметтік желінің көмегімен Үрімші қаласында үкіметке қарсы көтерілісті ұйымдастырған.
 
Жаңалықтар