19 Август
13:23
Астана: 19 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
3 ақпан 09:53
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

«Daallo Airlines» ұшағы бортындағы тесікті жолаушы бейнекамераға түсіріп алған (видео)


Апатты жағдайда қонған «Daallo Airlines» әуе компаниясы ұшағының жолаушысы бортта болған жарылыстан кейін ұшақ ішіндегі ахуалды видеоға түсіріп алған, деп жазады «РИА Новости».Бейне материалдан ұшақ фюзеляжы тесіліп, жолаушылардың оттегі беру құралын пайдаланғанын көруге болады. 

Еске сала кетейік, кеше сейсенбі күні «Daallo Airlines» әуе компаниясының «Airbus A321» ұшағы бортында жарылыс болып, өрт тұтануына байланысты Сомали астанасы Могадишоға апатты жағдайда қонды. Жарылыс ұшақ ұшып шыққанда болған. Оқиға себебі анықталып жатыр. Ұшақта 60 адам болған. Ол Джибути қаласына бағыт алған. Екі адам зардап шекті. 

russian.rt.com сайтының жазуынша, ұшақ Сомали астанасы Могадишодан Джибутиға ұшып шыққан. Бортының тесілуіне қарамастан ұшақ экипажы оны қайтадан әуежайға қондыра білді. Aviation Safety Network мәліметіне сүйенсек, ұшақ 19 жыл қолданыста болған.
«Известия» басылымының жазуынша, А321 ұшағындағы жарылыс кезінде бір жолаушы салоннан ұшып кеткен. Сонымен қатар, үш адам зардап шеккен кеткен.





 
нравится:    995
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии