18 Август
12:58
Астана: 21 °C
Алматы: 21 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Экономика
26 қараша 16:44
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Дағдарыс кезінде өмір сүру: қалай қор жинау керек?
Дағдарыс кезінде ақша жинау мүмкін емес деп санайсыз ба? Қор жинаудың алты нақты тәсілін ұсынамыз. Тырысып көріңіз де, дағдарыстың «жаңа мүмкіндіктер» деген екінші атауы бар екеніне көз жеткізіңіз.

кредит в кризис1
1-тәсіл: Қосымша жұмыс табу (есейіп қалған балаларыңызға да бұған рұқсат етіңіз) 

Негізгі мамандығыңыз бойынша қосымша жұмыс (дизайнерлер, журналистер және бухгалтерлер не туралы айтып отырғанымызды түсінеді), болмаса әжептәуір табыс әкеле алатын әуес ісіңіз болуы мүмкін. Косметиканы қолдан жасау, тігу, тоқу, сабын жасау, тамақ дайындау, тіпті жиһаз жасау (несі бар, мұндай әуес істер де кездеседі) – hand made өніміне сұраныс күннен-күнге артып барады. Кім біледі, мүмкін, мына бір шақпақ сабын немесе шырақ үлкен бір бизнес-жобаның бастауы шығар? Балалар туралы айтар болсақ, бұған дейін қосымша жұмыс істеу қажеттігінің туындауы мүмкін екенін  болжап көрмеген болсаңыз да, қазір отбасы бюджетіне үлесін қосуға балаңызға рұқсат етуге әбден болады. Ақша табумен қатар бұл ересек өмірін енді бастап келе жатқан адам үшін баға жетпес тәжірибе.


2-тәсіл. Сыйысу
Бірден айта кетейік, бұл кеңес артық тұрғын-үй кеңістігі бар немесе жыл бойы тұруға болатын, бірақ күн сайын жұмысқа кешігетіндей алыс емес саяжайы бар адамдарға арналған. Оған қоса, туыстарымен қарым-қатынасы жақсы болуы керек. Сонымен, дағдарыс кезінде отбасыңыздың өзге мүшелерімен бірге тұрып (бар болса – саяжайға көшіп), ал босаған үй-жайды жалға берсеңіз болады. Бірақ дағдарыс аяқталған соң үйіңізді қалпына келтіруге айтарлықтай шығындалмау үшін тұрғындарды өте мұқият таңдау керек болады. Тәжірибе мен өмірдің жаңа салаларын игерудің қажеті жоқ деп кім айтты?


Как быстро и выгодно продать машину

3-тәсіл: Көлікті сату 
Егер отбасыңызда біреуден артық көлік бар болса, екіншісін сатып жіберсеңіз болады. Бағалардың қымбаттауын ескерсек, сатып алу сомасына қарағанда сіз ешқандай зиян шекпейсіз. Негізі, жалғыз көлігіңізді де, әсіресе, егер ол мөлшерлемелер жоғарылағанға дейін несиеге сатып алынған болса (жақында сатып алынған болса, демек, сіз онсыз да күніңізді көре аласыз, және әзірше, онсыз да өмір сүре аласыз), сатып жіберуіңізге болады. Келесі жылы ресми дилерде және КАСКО-да ТҚ үшін өте қомақты ақша қажет болады (олай болмаған жағдайда машинаны кепілдіктен алып тастайды, ал банк шарттың талаптарын бұзғаныңыз үшін сізге айыппұл төлеуді міндеттеуі мүмкін, және бұл айыппұл ай сайынғы төлем сомасына емес, бүкіл несие сомасына есептеледі). Шартты мұқият оқып шығыңыз – қолыңызда ТЖТ бар болса да, сізге банктің кепілге салынған көлікті сатуға рұқсаты қажет болуы мүмкін.

4-тәсіл: Банкте металл шотын ашу 
Алтын және басқа да асыл металдар – пайда алудың сенімді көзі болып табылады. Мұндай салымдар бірқатар қосымша бонус ұсынады – банктердің ұсыныстарын мұқият қарап шығыңыз. Салымдарды ашу үшін тіпті орныңыздан тұрмай-ақ қойсаңыз болады – мұндай операциялардың барлығы онлайн режимінде жасалады. 
Сонымен қатар, белгілі бір уақытта табысын алуға болатын әр түрлі жинақтаушы сақтандыру бағдарламаларын келтіруге болады. Мысалға, егер сіз мақсат қойып, оны жүзеге асыруға белгілі бір соманы бөле алсаңыз, ұсыныстарды қарап шығып, әрекет етіңіз.

5-тәсіл: Күтпеген ақшаны жинау 
Кез келген күтпеген табысты «тозаңға айналдыруға» немесе валютаға айналдырып банкке салуға болады. Екіншісі дұрысырақ сияқты.
mama ich brauch geld1 300x260 Как копить деньги?
6-тәсіл: Бақыт хатқалтасын немесе жинақ сандықшасын арнау 
Егер жұмсауға еліктіретін ірі ақшаны үйден тыс жерде ұстау керек болса, 10–50–100 рубльдік ұсақ ақшаны «Кішкентай қуаныштарға арналған» деп жазылған хатқалтаға жинауға болады. Күн сайын жинақ сандықшаға 50 рубль салып тұрсаңыз, жарты жылдың ішінде сапалы етікке жететін соманы жинап ала аласыз. Ол үшін өзіңізге ерекше шектеулерді де жасаудың қажеті жоқ.


Дереккөзі: https://kz.everydayme.com/
 
нравится:    1586
Теги: Нарық және тұрмыс, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии