20 Август
15:49
Астана: 21 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Экономика
12 қаңтар 16:17
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Дағдарыс кезіндегі өмір: отбасында бейбіт өмірді қалай сақтаса болады
Дағдарыс – бұл отбасы деп аталатын үйіңізді қаншалықты берік етіп қалағаныңызды тексерудің ең жақсы әдісі. Кірпіштен қаланды ма, әлде сабаннан ба (бір қатты үрлесе ұшып кететіндей)? Дағдарыс – бұл газет беттеріндегі тақырып болмай кеткені қашан, бұл кәдімгі екі есе өскен дүкен бағалары, жалақының қысқаруы, тіпті жұмыстан да кету. Жазғы демалыстың болатын түрі жоқ, тек жолдамасыз Сочиге бармасаңыз, ал жаңа телефон – бұл жай ғана сатып алар зат емес, бұл туған күнге деген өте бағалы сыйлық. Жалпы алғанда, бұл ақшаны үнемдеп, есептеп жүретін уақыт. Осының салдарынан бірінші болып отбасындағы қарым-қатынас зардап шегеді. Қиын-қыстау кезеңді қалай бастан өткеріп, қарым-қатынасты сақтап қалуға болады? Міне, бес қарапайым ереже.

Отбасындағы қарым-қатынасты бұзбай қаржы дағдарысын қалай өткеруге болады    

Сіз команда екеніңізді еске түсіріңіз

Еңбекақының жартысына кім көйлек, ал кім машинаға құюлы дискілер сатып алғаны жөнінде тек жақсы кезде ғана дауласуға болады. Қиын-қыстау кезде сіз команда екеніңізді еске түсіру қажет. «Қайғы мен қуанышта бірге болу» – бұл құр сөз емес, бұл қолдану жөніндегі нұсқаулық.

Талқылауды үйреніңіз

Сіз оны қаласаңыз да, қаламасаңыз да, шығын шығаруды қысқартуға тура келеді. Еш жағдайда қысқартуға болмайтын шығындар тізімін жасаңыз, екеуіңіз де жұмыс істейсіз бе, әлде уақытша біреуіңіз ғана ма, бәрібір. Бұған: коммуналдық төлемдер; егер пәтерді жалдап тұрсаңыз, соның ақысы; негізгі қажетті азық-түлік; жануарлардың жемі; машинаға жұмсалатын маусымдық шығындар; жол ақысы; балалар репетиторлары; үйірмелер мен секциялар кіреді. Болды. Ендігі кезекте сол «талқылау» ережесі күшіне енеді. Серіктесіңізбен ақылдаспайынша, шашқа арналған түйреуіштер жиынтығынан қымбат ештеңе сатып алмайтын болып келісіп алыңыз. Бұл уақытша шара, бірақ онсыз болмайды.
                    
Пайда жақтарын іздеңіз

Науқандар мен жаппай сатылымдар сіздің сыбағаңыз емес деп әрдайым есептейтін бе едіңіз? Бірақ мұндай ой бекер, бұл шынымен тиімді болуы мүмкін, егер оларды тұрақты негізде қадағалап тұрса. Тек сақтауға жарамайтын, немесе өзі де қымбат тұратын тауарлар санатындағы тауарлармен болатын арзан жарнамалық айлакерлік әрекеттерге тап болмаңыз. Ешбір науқансыз жанында бағасы арзан болатын тура сондай тауар жатуы мүмкін. Иә, осындай кезде есептеуді үйренуге және ең құрығанда жақын дүкендердегі ассортиментті қадағалауға тура келеді. Бірақ бұл – сатып алу қажет пе, жоқ па, керек пе, жоқ па, қымбат па, не арзан ба деген бас қатыратын даулардан босатады.

 Өзіңізге шамалы молшылыққа мүмкіндік беріңіз

Дағдарыс кезіндегі өмір сүру бабында осындай тармақ қайдан ғана кірген деп таң қалуыңыз мүмкін. Бірақ бұл шынымен өте маңызды тармақ. Әрбіреуімізде өмірдің сәнін келтіретін заттар бар: шоппинг, мейрамханалар, саяхат, әшекей бұйымдар, гаджеттер. Бюджет қаншалықты тапшы болмаса да, айына әрбіреуіңіз өзінің жеке әуестенетін дүниелеріне тең соманы алатыны жөнінде келісіп алыңыз. Ештеңе сатып ала алмайтындай шамалы ақша болуы мүмкін. Бірақ оларды сақтап қойып, шамалы жинап, кейін әлдебір затты сатып алуға да болады ғой. Немесе, айына джинсы шалбарының бесеуін емес, біреуін де сатып алуға болады. Мейрамханаға да күнде емес, айына бір рет барып келуге болады. Немесе демалыс есебіне тығып, жинауға болады. Әрбіреуі өзін «адам» ретінде сезінуге құқығы болуы тиіс. Тіпті дағдарыс кезінде де.

Бір-біріңізге сенім артыңыз

Саған әлдекім сенім артатын болса, белестерді жеңу жеңіл болады. Табыс табуға, үнемдеуге, еркелетуге және ақшасыз бір-біріңізді қуантуға жаңа мүмкіндіктерді табуға оңай болады. Киноға бармай-ақ, үйде попкорн қуырып алып, сериал қараңыз. Бұл, қарап тұрсаң, соншалықты ұсақ-түйек жайттар.


Дереккөзі: kz.everydayme.com
нравится:    792
Теги: Нарық және тұрмыс, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии