23 Июль
19:26
Астана: 11 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 346.68
EUR/KZT: 404.02
RUB/KZT: 5.47
CNY/KZT: 51.15
Мәдениет
21 қаңтар 14:49
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Дағдарыс салқынын жұлдыздар да сезіне бастады
«Дағдарыс  - жуанды жіңішкертіп, жіңішкені үзеді». Басым көпшілігі той-томалақпен нәпақа табатын қазақ жұздыздары да дағдарыстың салқын лебін сезініп жатқан сыңайлы. Бұл туралы белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева айтты.



«...Ауылдан ағам звондайды, "Айнұр, не жаңалық?" деп, "доллар өсiп кеттi ғой" десем, "ой, рахат-ай" деп қояды... "Не жинаған долларың көп пе едi" десем, "е, жоға бiр тиыным жок, маған бәрiбiр ғой" деп күлiп тұр... Дағдарысты инстаграмнан да сезе бастадық... Жұлдыздардың суреттерiнiң астында "қазақтың тойы көп болсын, той-тойға ұлассын, бәлен қалаға ұшып барамыз, түген қалаға қондық" деген жазулар тұрушы едi... Олардың орнын "отбасылық демалыста", "балалармен қыдырғанға не жетсiн","таза ауадағы демалыс", деген сияқты суреттер басып бара жатыр... Тойлар азайып, әншiлер үйлерiнде отырып, бала таптыра бастады.. Кiммен сөйлессек те "ойбай, мұнай арзандап кеттi ғой, естiдiң бе" деп шығатын болыпты... Көкелерiм ау, жұрттың бәрi баклашкамен мұнай сатып жүрген жоқ қой осы, керек десеңiз оның түрiн де көрген жоқпыз ғой бiз... Кризис дегенде ең бiрiншi нанның қымбаттағаны айтылуы керек емес пе..?! Таразда 45 теңгенiң наны 100 теңге болды мысалы.. Тұмаудың өршiп тұрғаны анау, дәрi удай болып тұрғаны мынау... Сiздерге қалай сезiлiп жатыр өзi???»,- деп жазады ақын өзінің инстаграмдағы парақшасында.

Дереккөзі: reactor.inform.kz
 
нравится:    754
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Читайте также:

Комментарии