20 Сентябрь
15:08
Астана: 24 °C
Алматы: 26 °C
USD/KZT: 340.95
EUR/KZT: 408.73
RUB/KZT: 5.87
CNY/KZT: 51.80
Экономика
20 мамыр 10:39
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Дағдарыс Тәжікстандағы жарнама нарығына әсер етуде


Тәжікстанның Душанбе қаласында жарнамалық билбордтар саны күрт кеміп, жарнама беру құны 75%-ға төмендеген. Кей дерек бойынша, қаладағы жарнама тақталарының жартысы бос тұр, деп хабарлайды Орталық Азия жаңалықтар қызметі.

Sky Central Asia/Tajikistan компаниясының директоры Шерали Джурабоевтың сөзінше, 2011 жылға дейін бір ғана мобильді байланыс операторлары мемлекеттік телеарналардың қазынасына жарты миллион АҚШ доллары көлемінде табыс әкелген. Енді бұл компаниялар жарнамаға кететін шығынды азайтып, қызметтерін арзанға түсетін интернетте жарнамалауға көшкен.

Forex компаниясының директоры Азамат Зикириёев дағдарыс салдарынан сауда көлемінің кеміп кеткенін, барлық компания мен ұйымдардың бюджеті қысқарғанын айтады. «Дағдарыс бізді де айналып өтпеді. Біз қызметкерлерімізге жарнама берушілердің саны азайғандықтан табыс пен еңбекақы көлемінің төмендеуі мүмкін екенін ескертуге мәжбүрміз», – дейді ол.

Бүгінде Душанбеде сыртқы жарнама қызметімен тек 5-6 ірі жарнама компаниясы ғана айналысады.
нравится:    746
Теги: Әлем экономикасы,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии