14 Декабрь
06:31
Астана: -24 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.38
EUR/KZT: 394.07
RUB/KZT: 5.67
CNY/KZT: 50.67
Әлем жаңалықтары
13 мамыр 09:59
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Daily Mail басылымы Моңғолиядағы жергілікті қазақтардың өмірі туралы жазды
Танымал британдық Daily Mail басылымы Моңғолиядағы жергілікті қазақтардың өмірінен бір күнді жария етті.
"Бұл адам сенгісіз фотолар шалғай Моңғолияда адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатқан отбасының өмірін көрсетеді. Жүздеген ержүрек қазақтар әр жылдың ақпанынан сәуіріне дейін Моңғолияның батысындағы Алтай тауының 100 миль қашықтығын кесіп өтеді", - деп жазған басылым.









Фотограф Тимоти Аллен Шоқан мен оның әйелі Пеманың отбасында қонақтап, олардың маусымдық көштерінен тамаша фотолар түсірген.



Бүркітпен аңшылық құратын қазақ отбасы тамақтанып отыр.












Қазақтар 100 миль қашықтықты қақаған -40 градус аязда кесіп өтуге мәжбүр. Олар таудан мыңдаған малын айдап өтеді.









2016 жылдың қаңтарында фотограф қазақтарға ілесіп, олардың өмірін өз көзімен көріп қайтты. Осы жылы қазақ отбасының өмірін тамашалауға Еуропа, АҚШ және Жаңа Зеландиядан сегіз фотограф пен 13 моңғол келген. Олар да қазақтармен ілесіп, алыс сапарға аттанды.











200 отбасынан бөлек қазақтар мыңға жуық малын да көшіріп үлгереді. Қазақтар діттеген жеріне жету үшін бес күндей уақытын жолға жұмсайды.


















Дереккөзі:  http://ztb.kz/post/1574
нравится:    1611
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии