21 Август
19:59
Астана: 25 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
29 маусым 12:56
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

ДАИШ («Ислам мемлекеті») пен «Боко Харам» барша әлемге соғыс жариялап отыр - ҚР ҰҚК төрағасы
Интернет желісінен экстремистік контентті жоюдың бірыңғай тәртібін халықаралық деңгейде айқындаудың қажеттілігі бұрыннан сұранып отыр. Бұл туралы бүгін Астанадағы Орталық және Оңтүстік Азия елдеріндегі зорлық-зомбылық экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік конференцияда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы Нұртай Әбіқаев мәлім етті.«Біз Интернет арқылы, елге экстремистік кітаптар мен түрлі миссионерлердің заңсыз келуі арқылы экстремизм және лаңкестік иделогиясын насихаттаудың, оған жаппай тартудың фактілеріне куәгер болудамыз. Интернет желісінен экстремистік контентті жоюдың бірыңғай тәртібін халықаралық деңгейде айқындаудың қажеттілігі бұрыннан сұранып отыр», - деді ҚР ҰҚК басшысы.



Оның айтуынша, бүгінде әлемдегі лаңкестік ұйымдардың бірыңғай тізімін жасап, осындай ұйымдарға көмектескені үшін саяси және экономикалық санкцияларды орнату керек.

«Бүгінде ДАИШ пен «Боко Харам» өзінің ауқымы бойынша әл-Каидадан асып түскенін байқап отырмыз. Қазіргі кезде олар жаңа деңгейге шығып, түрлі елдерде олардың белсенділерінің заңсыз және заңды болуының мүмкіндіктері кеңінен пайдаланылуда», - деді Н.Әбіқаев.

Осы орайда ол аталған лаңкестердің тарапынан қазіргі заманғы ақпараттық-психологиялық ықпал етудің әдістері пайдаланылып отырғандығын атап өтті.

«Шын мәнінде олар бөлек мемлекеттерге ғана емес, сонымен қатар барша әлемдік қоғамдастыққа соғыс жариялап отыр», - деді ҰҚК төрағасы.

Сонымен қатар, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаев бұқаралық ақпарат құралдарында ДАИШ-ті «Ислам мемлекеті» деп атауға қарсы. Бұл туралы бүгін Астанадағы Орталық және Оңтүстік Азия елдеріндегі зорлық-зомбылық экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік конференцияда мәлім етті.«ДАИШ - өзін «Ислам мемлекеті» деп атап жүрген лаңкестік ұйым. Шын мәнінде олар түрлі елдердің ондаған мың өкілдерін қамти отырып, діни экстремистік интернационалға айналып отыр. Атап айтқанда, саясаткерлер мен журналистердің ДАИШ-ке қатысты «Ислам мемлекеті» ұғымын кеңінен пайдалануды дұрыс емес деп санаймыз», - деді ҰКК төрағасы.

Осы орайда ол «мемлекет» деген терминді пайдалану қате екенін қадап айтты.

«Біз өзіміздегі арнайы қызметте ДАИШ аббревиатурасын пайдаланамыз. Олар өздерін қалай атағанымен, «мемлекет» деген терминнің орнына, аталған аббревиатураны қолданған дұрыс болар еді. Бүгінде ДАИШ халифатты құруды белсенді алға жылжытуда. Бұлар Солтүстік Африкадан Қытайға дейінгі кеңістікті қамтуды көздеп отырған сыңайлы. Ұйымның жақтастары Ауғанстанда пайда болуда. Бұл өз кезегінде бізді алаңдатпай қоймайды», - деді Н.Әбіқаев.


Дереккөзі: ҚАЗАҚПАРАТ
нравится:    937
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии