|    |  
22 шілде 2019
00:07
қаз
Дана Нұржігіт бірінші күйеуінің өзіне сатқындық жасағанын айтты
03 шілде 2019, 18:22 467
Белгілі тележурналист Дана Нұржігіт бірінші жолдасы Владимир Рерихтің өзіне сатқындық жасағанын және одан бұны күтпегенін айтты. Бұл туралы сырын ол желідегі парақшасына жазған.



Тұтқиылдан келген жау болса,мейлі,ал жан тәніңмен берілген жарың сатқындық жасаса ше? Осының уын ішкендер аз емес,білемін! Ана болу жолында жанкештілікке даяр мен ешбір кедергіні көзге ілмейтін едім.Әмбе-әулиелерді аралап,ем іздеп,дәрігерден дәрігер тауып,аяғында ЭКО тәсіліне жүгіндім.Медицинаның бұл саласын керек етпейтіндер ең бақытты жандар шығар! Ал,бөбектің иісін аңсаған жұптар үшін бұл соңғы мүмкіндік.Сондай-ақ, медицинаның заманауи жетістіктері расында да үлкен үміт сыйлайды.Сол орталықтарды жағалап жүріп,мен небір оқиғаларға куә болдым.Бұл өмірде бәрі де мүмкін!Бәрін түсінуге болады,кешіруге болады!Егер ол ізгілікке,жаңа өмірге,қуанышқа жеткізер жол болса ғана... Мен, кезінде қызын қорып, "оқуды ғана біл!" деп өсіріп,аяғында "немерелі болғымыз келеді"деп,отырып қалған кәрі қызын дәрігерге жетектеп,"ішіне бірдеңе салып бер" деп келген шал-кемпірді көрдім,баласымен жасты ұлмен қолтықтасып анализ тапсырып жүрген келіншектерді көрдім, жап-жас қыздың қасынан мосқал тартқан шалды көрдім...Ешкімді айыптамаймын...Бұл-өмір.Журналист болған соң бәрін көресің.Көресің де,ой түйесін.ЭКО-ер мен әйел клеткаларын табыстырып,жатырға қондыратын миссияны орындайтын тәсіл ғана!Ал,қалғаны бір Алланың қолында.Оны дәрігерлер де мойындайды.Табиғаттағыдай бала бірден бойыға қона салмайды. Бір емес,бірнеше рет жасалуы мүмкін. Жасалу деп айтуға ғана оңай,ал ол қанша уақыт,денсаулық,қала берді,қаржы!Болмай қалса,психологиялық соққы.Содан соң жиналып алып,қайта тұрып,бәрін басынан бастау!Ол "адам басына бермесін" дейтін тар жол тайғақ кешу.Мен Әлімді бауырыма алғанша сол жолды 11 рет шыр айналдым!Қазір ойлансам,ақылға қонбайтын жанкештілік!Көзсіздік!
Соның бәрін бірге өткен баланың әкесі бір күні сатқындық жасайды деп кім ойлаған?!
 
Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар