|    |  
22 шілде 2019
00:07
қаз
​Дана Нұржігіт он жыл күткен баласы туғанда өлім аузынан қалғанын айтты
03 шілде 2019, 16:51 297
Белгілі тележурналист Дана Нұржігіт әлеуметтік желідегі парақшасына жалғыз ұлы Әліммен түскен суретін жүктеп, он жыл күткен баласы туғанда өліммен күрескенін айтты. Журналистің жазбасы желі қолданушыларын тебіренткен.

 
 
«2010 жылы 10 жыл зарыға күткен ұлым, Әлім дүниеге келді.Мерзімінен бұрын.8 айында. Өзі сияқты өмір мен өлім арасында жатқан, уақытынан ерте туған шала жансар шақалақтармен, басынан аяғына дейін датчиктерге қосулы,шырмауықтай шырмалған электр құрылғылардан созылған зонд,сымдарға оралып жатқан бөпемді көріп,үнсіз жылап тұратыным әлі есімде.Кішкентай батырым өліммен күресіп жатыр.Мен оны көріп тұрып қалай көмектесерімді білмей,шарасыздықтан еңіреп тұрамын.Бір күні қасыма сол бөлімнің бас мейірбикесі келіп зекіп берді:"әй,қыз,сен не істеп тұрсың?! Балаң өмір сүргісі келіп,кіп-кішкентай болып тыраштанып жатқанда,сенің тұрысың мынау! Тый жасыңды,кәне! Біздің бөлімге келгенде жылаушы болма!Мыналар бәрін сезеді.Анасының анау жақтан келе жатқанын да біліп жатады.Бұлардың бәрі-күрескер,кішкентай батырлар" деді.Осыған дейін қу моладай мөлиіп,жылауды ғана білген мен құдды бір ұйқыдан оянғандай жинала қалдым.Сол күннен өзіме мықты болуды үйрене бастадым»-дейді  Дана Нұржігіт.
 

2010 жылы 10 жыл зарыға күткен ұлым, Әлім дүниеге келді.Мерзімінен бұрын.8 айында. Өзі сияқты өмір мен өлім арасында жатқан, уақытынан ерте туған шала жансар шақалақтармен, басынан аяғына дейін датчиктерге қосулы,шырмауықтай шырмалған электр құрылғылардан созылған зонд,сымдарға оралып жатқан бөпемді көріп,үнсіз жылап тұратыным әлі есімде.Кішкентай батырым өліммен күресіп жатыр.Мен оны көріп тұрып қалай көмектесерімді білмей,шарасыздықтан еңіреп тұрамын.Бір күні қасыма сол бөлімнің бас мейірбикесі келіп зекіп берді:"әй,қыз,сен не істеп тұрсың?! Балаң өмір сүргісі келіп,кіп-кішкентай болып тыраштанып жатқанда,сенің тұрысың мынау! Тый жасыңды,кәне! Біздің бөлімге келгенде жылаушы болма!Мыналар бәрін сезеді.Анасының анау жақтан келе жатқанын да біліп жатады.Бұлардың бәрі-күрескер,кішкентай батырлар" деді.Осыған дейін қу моладай мөлиіп,жылауды ғана білген мен құдды бір ұйқыдан оянғандай жинала қалдым.Сол күннен өзіме мықты болуды үйрене бастадым. Әлімді омырауға салуға рұқсат жоқ еді.Үш сағат сайын кеудемді уқалап,аз-аздан келген уызды медбикелер зонд арқылы тікелей асқазанына жіберетін. Бір күні кешке,ұрланып,қабырға жағалап барып, кезекші медбикеге баламның ауызына ең болмаса бір тамшы уызымды тамызайыншы деп жалындым.Ол қыз біраз "болмайдыға" салғанмен,мені аяп Әлімді қолыма беріп тұрып:"тек ұзақ емес,омырауды ауызына салмаңыз!Дәрігер біліп қойса,біттік..." деді.Баланы кеудеме жақындатқаным сол екен,сүттің иісін сезген Әлім мәмәкәсін асады да жіберді! Тартып алатынын сезетіндей қомағайлана еміп,жіберетін емес! Медбике "апай,болды!Беріңіз баланы,қазір тұншығып қалады"деп тұр.Ұлым тұмсығымен омырауға кіріп кеткен.Медбике әрең тартып алды.Ернінің жан-жағына аққан әппақ уыз бетіне жағылған күйі,ас сұраған шымшықтың ауызындай емшек іздеген күйі балам медбикенің қолында кете барды.( соңы келесі постта)

Публикация от Дана Нұржігіт (@dana_nurzhigit)


Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар