|    |  
11 желтоқсан 2018
18:33
қаз
​Дана Нұржігіт Владимир Рерихпен не себепті ажырасқанын айтты
02 ақпан, 11:16 906
Жақында Мұрат есімді азаматқа тұрмысқа шығып, екінші рет отбасын құрған Дана Нұржігіт бірінші жары Владимир Рерихпен не себепті ажырасып кеткенін айтты. Журналист «Бақытты әйел» бағдарламасына сұхбат берген.


 
«Мен тыныштықты жақсы көретін адаммын. Өзімнің үйімді ұядай көремін. Өйткені онда екі ер азаматым күтіп отырады. Бірі балам, бірі жолдасым. Олар алдымнан шыққанда өзімді бақытты әйел сезінемін. Өз қолыңмен жасаған ұяңды қызғыштай қорисың. Олар сыртқа шыққан кезде асығып, аман-есен үйге келсе екен дейсің. Өзім де түзде жүретіндіктен ер азаматымның үдесінен шықпай да жататын шығармын. Екеуміз де қалыптасқан адамбыз. Бірақ Мұрат көп дүниеге үлгермей жатсам да ашуланбай, қалжыңға айналдырып, жуып-шайпы жібереді. Және екеуміздің мінезімізде қайшылықтар бар. Мен көп ойланатын адаммын. Ол тәуекелшіл. Тез шешім қабылдайды. Жастау кезімде тәуекелшіл едім. Жарысқа, бәсекеге дайын тұратынмын. Қазір аңдамай сөйлеуден, шалт қимылдаудан қорқатын болдым»-деген журналист баласын зарыға көргенін және Әлімнің әкесімен не себепті ажырасқанын да жасырмай айтты.


 
«Менің осы некеге тәуекел етуімде соңғы шешім Әлімде болды. Әлім Мұратпен танысқанда бір көргеннен әкелеп жүгіргенде тағдырым шешілді. Жақында менің шаршап жүргенімді көріп Мұрат: «Сен Әлімді маған таста да, екі аптаға демалысқа барып келсеңші деді. Содан басымды да тынықтырып алайын, денсаулығыма қарайын деп Сарыағашқа барып келдім. Сол екі аптада баланың үстіне шаң суытпай, тамағын беріп, сабағына апарып қараған. Ер азаматтың қамқорлығы, көмегі деген сондай шығар. Мен соған елжіреп кеттім. Өйткені мен өзім ондайда көрмеген. Ер де, әйел де өзім болып көрдім. Кем дегенде үш балам болса екен деп ойлайтынмын. Енді оның бәрін бір Құдайға тапсырдым. Сәл ертерек таныссақ мүмкін күткеніміз ертерек болар ма еді. Әлімнің өзін Алла Тағала көп зарықтыра, күттіріп берді. Өмірімдегі ең үлкен жетістігім – балам Әлім. Өйткені мен осы балалы болу жолында көп нәрсені, бірінші кезекте денсаулығымды құрбан еттім. Енді ондай қадам жасау тәуекелім жете ме, жетпей ме білмеймін. Рерих білімді, ағартушылық жолда еңбек еткен жан болды. Владимир Рерихпен соңғы рет екі апта бұрын сөйлестім. Ол жерде балаға қатысты мәселе бойынша сөйлестік. Ол кісіні ойшыл, ақылды адам ретінде жақсы қабылдаған болатынмын. Бірақ, ерлі-зайыптылар ретінде екеуіміздің әңгімеміз аяқталған. Отбасында әйел бос орынға айналған кезде, кім екенін білмей дал болған кезде ерлі-зайыптылардың әңгімесі бітеді. Мен шындықты жақтайтын адаммын. Сол кезде ажырасу жайлы арызды өзім бердім»дейді Дана Нұржігіт.


Бірінші жары Владимир Рерихпен
 
Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар