|    |  
20 қазан 2019
16:19
қаз
Дания тұрғындары қара дельфиндерді тағы да қырып тастады
21 маусым 2017, 12:18 47


Данияда берісі Еуропадағы, әрісі әлем мәдениетіндегі ең қорқынышты да қатыгез фестивальдардың бірі "Гриндадрап" басталды. Жыл сайын өткізілетін бұл шара барысында Фарар аралдарының кит аулаушылары жүздеген қара дельфинді өлтіріп, суды қанды теңізге айналдырады.
 
Қара дельфиндер – гриндалар жыл сайын жаппай көшу, яғни мекен ауыстыру барысында Фарер аралдарының жағалауына соғады. Осы жайтты жергілікті балықшылар мен кит аулаушылар өз мүдделеріне жақсы пайдаланып қалады. Жүздеген дельфинді арнайы дайындап қойған суы таяз жерлерге үйіріп алып келеді де, аса қатыгездікпен найзалап өлтіреді.

Мұндай қатыгездікке қатыспайтын жергілікті тұрғындар мен туристер фестивальді жағалауда тұрып тамашалайды, кейбіреулері өлген дельфиндерді жағаға шығаруға көмектеседі.





Кезінде дельфиндерді аулау азықтық мәнге ие болған: Фарер аралдарының климаты тым қатал, сондықтан тек қара дельфиндердің еті ғана жергілікті тұрғындардың қыстан аман-есен шығуына сеп болған. Ал, бүгінде тамақ табудың басқа жолдары жетіп-артылатындығына қарамастан, дельфиндердің етін жеу дәстүрі жалғасуда.

«Теңіз бақташысы» («Морской пастух») компаниясы жыл сайын Фарер аралдарында киттерді аулауға қарсы акциялар ұйымдастырады. Акциялардың нәтижелері экологтардың полициямен қақтығыстарына және жергілікті тұрғындардың қарсы шабуылына ұшыраумен аяқталады. Ал, "Гриндадрап" фестивалі ары қарай жалғаса береді.

Табиғат жанашырлары әзірше мұндай қатыгез дәстүрді тоқтатуға қауқарсыз болып отыр.

















Дереккөзі: шетелдік БАҚ


Жаңалықтар