16 Август
23:23
Астана: 15 °C
Алматы: 20 °C
USD/KZT: 332.70
EUR/KZT: 389.99
RUB/KZT: 5.59
CNY/KZT: 49.72
Әлем жаңалықтары
27 қаңтар 15:50
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Данияда мигранттардың құнды заттарын тәркілеуге мүмкіндік беретін заң шықты


Босқындардан мезі болған Еуропа елге келетін босқындарды тежеу үшін түрлі айла-амалдарға барып отыр. Жуырда Дания үкіметі  Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадан ағылған келімсектердің  құнды заттарын  тәркілеу туралы заңға қол қойды деп хабарайды Лента.ру. сайты.

Жаңа заңға сәйкес ендігі кезекте Данияға барған босқындардың құнды заттары мен қаражаты тәркіленіп алынатын болады. Алайда бағалы бұйымның бағасы 1500 доллардан асып кеткен жағдайда ғана тәркіленетін болады. Жергілікті Парламент заң жобасына сәйкес осындай түзетулер енгізген. Мұның бәрі мемлекеттің мигранттарды бағып-қағуға кететін шығындарын өтеуге жаратылмақ.

Жаңа ереженің неке жүзігі мен ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан асыл бұйымдарға қатысы жоқ. Алайда аталған құжат Даниямен қатар өзге елдерде де қатаң сынға ұшырап отыр.

 
нравится:    716
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии