22 Август
03:48
Астана: 9 °C
Алматы: 10 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
9 қыркүйек 09:48
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Данияның босқындарға қатысты жалпыеуропалық саясатқа қосылғысы келмейді
Данияның босқындарға қатысты жалпыеуропалық саясатқа қосылғысы жоқ. Ресми Копенгаген Еуроодақ елдерінен баспана алуға өтініш білдірген келімсектерге квота беру идеясын қолдамайтынын жасырмайды.



Олар керісінше кірмелерге қатысты ережелерді қатайтып, жәрдем ақыларды азайтатыны туралы хабарламаларды мигранттар ағылған елдердің газеттеріне жариялап жатыр. Содан болар, соңғы кезде мұнда босқындардың саны күрт азайған. Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәлімдеуінше, демалыс күндері Германиядан келген сириялық және ирактық 300 кірменің тек 100-і босқын мәртебесіне өтініш берген. Қалғандары Финляндия мен Швецияға аттанған. Ришид Бадреддин, Бейрут тұрғыны: - Дания сияқты мемлекеттердің амал-әрекеттерін түсінуге болады. Олар осылайша жергілікті тұрғындардың мақсат-мүддесін қорғауда. Алкелімсектер үшін шекарасын айқара ашқан Германия мен Австрия биліктерінің әрекеті мақтауға тұрарлық. Босқындардың онда ағылуы бекер емес. Себебі онда араб не мұсылман елдеріне қарағанда жағдай анағұрлым жақсы.

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    822
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии