|    |  
17 қараша 2019
09:50
қаз
​Данияр Елеусінов екінші рет отбасын құрғанын растады
03 маусым 2019, 18:01 160
Белгілі спортшы Данияр Елеусінов The Эфир бағдарламасына сұхбат беріп, жеке өміріндегі жаңалықтарымен бөлісті. Боксшы екінші рет отбасын құрып, екінші ұлы дүниеге келген.

 
 
«Екінші ұлым дүниеге келді. Жанұям бар. Есімін Пайғамбарымыздың құрметіне Мұхаммед деп өзім қойдым. Идея өзімдікі болғанымен, әкемнен рұқсат сұрадым. Әкем ондай есімге қарсы болмайды. Үлкен ұлым да өзімнің қолымда. Анасымен де араласып тұрады. Себебі анасының үйі сол өзім тұратын көшеде. Көбіне менікінде. Анасы жұмыс істейді. Демалыс күндері барып тұрады. Толықтай менің қолымда дей алмаймын. Анасы ренжім қалып жүрер. Анасын жақсы көреді. Мен де сыйлаймын, құрметтеймін. Мені сағынады, есі кіріп қалды ғой. Көбіне шетелде жүремін. Сондықтан елде болған кезімде көбірек көңіл бөлуге тырысамын. Ұлдарыма жарқын болашақ сыйлағым келеді»-дейді боксшы.


Жаңалықтар