16 Декабрь
20:54
Астана: -19 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Спорт
17 қараша 14:45
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Данияр Елеусінов келіншегімен ажырасып кеткенін айтты
Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін «Тікелей эфир» бағдарламасында өзінің отбасы жайлы айтып, келіншегімен ажырасып кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады. 

 
 
«Негізінде, құпия ретінде сақтағым келген. Шынымды айтсам, қазір жанұям қасымда емес. Баламен араласамын, әрине. Мұндай шешімге жақында ғана келдік. Бірақ алда уақыт көрсетеді. Қазір қасымда емес» - дейді боксшы.
 
«Данияр қазір бойдақ болып отыр ма сонда қазір? Кейбіреулер уақытша көрейік деп жатады...» деген Ләйлә Сұлтанқызының сұрағына:  «Сондай уақыт деп санасақ та болады. Бірақ қазір қасымда емес. Бөлек тұрып көрейік дедік. Ең бастысы, бұл жерде ұстап тұрған бала болатын. Балам қиналып қалмасын, бала толық жанұяда өмір сүрсін, әкесінен айрылмасын деген мақсат болған. Неше түрлі жағдай болады. Еркек болған соң, өз баламнан бас тартпаймын. Өз баламның бүкіл жағдайын жасаймын, қолымнан келгенше» - деп жауап берген боксшы.


 
Дереккөз: Reactor
 
 
нравится:    629
Теги: Спорт жаңалықтары, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии