|    |  
14 желтоқсан 2018
17:13
қаз
Дәрі-дәрмексіз қан қысымын төмендетудің 5 тәсілі
27 маусым, 09:22 223
Ғалымдар орта жастағы қан қысымының жоғары болуы қартайған шақта ақыл-естің бұзылуына әкеп соғатынын дәлелдеп көрсетті. Сол себепті де қан қысымы көрсеткішін бақылауда ұстау өте маңызды. Дәрігерлер дәрі-дәрмексіз қан қысымының жоғарылауын болдырмайтын 5 түрлі жолды анықтады, олар:



Тұз

Тұзды тағамдарды қолдануды шектеңіз. Сіздің қалыпты тұтыну деңгейіңіз күніне бес граммнан аспайтын тұз, бұл шамамен бір ас қасық мөлшерінде. Сондай-ақ натрий бүйрекке, қан тамыр жүйесіне зиянын тигізіп, жүрек қан тамыр ауруларының орын алуына себепші болады.

Ішімдік

Ішімдікпен әуестенбеңіз, оны шамадан тыс қолдану қан қысымын жоғарылатады.

Кофе

Күнделікті тұтынудағы кофеин мөлшерін анықтап отырыңыз. Кофеиннің қан қысымын жоғарылататындығы дәлелденген. Егер сіздің қан қысымыңыз жиі көтерілетін болса, жиі шәй ішіңіз. Америкалық WebMD денсаулық сақтау сайтының мәліметтеріне сәйкес, күніне тұтынған бір шыны аяқ көк шай немесе "улун" шәйы қан қысымының жоғарылауын 50%-ға дейін азайтуға көмектеседеі екен. Әсіресе, кофені жақсы пайдаланатындарға қарағанда әрине.

Күйзеліс

Күйзелісті азайтуға тырысыңыз. Ғалымдар қандай жағдай болмасын, үрей туғызатын және қобалжуды талап ететін күйді кешпеуге кеңес береді.

Жүру

Сіз үшін әр күн сайын белгілі бір мөлшерде дене белсенділігі қажет. Ең маңыздысы - жаяу жүру. Жиі қайталанылатын дене белсенділігі жүректі қатайтады, ал мықты жүрек қан қысымының жақсы болатындығын растай түседі.

Дереккөз: Сегодня


Жаңалықтар