12 Декабрь
14:11
Астана: -16 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Кербез
25 қараша 10:23
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Дәрі қобдишасына қатысты жиі бұзылатын ережелер
Барлық отбасында дәрі-дәрмек салынған қобдиша бар. Бірақ соны көп жағдайда дұрыс қолданбаймыз. Сонымен сіз бен біз жиі жіберетін қателіктерді айтпақпыз


 
1. Дәрілерді тоңазытқышта дұрыс сақтамайсыз
 
Кейбір дәрілерді тоңазытқышта сақтау керек. Бірақ тоңазытқыштың есігін жиі ашатындықтан ондағы температура құбылып тұрады. Сол себепті дәрілерді арнайы контейнерге салып, содан кейін тоңазытқыштың ішінде жабық сөре болса соған салған дұрыс.
 
 

2. Нұсқаулық жазылған қағазды лақтырасыз
 
Бәріміз дәріні сатып алып ашқан соң ішіндегі қағазын лақтрып тастаймыз. Ал онда дәріні қалай ішу керектігі жөнінде маңызды мәлімет бар, ал сыртқы қорабы дәріні күн көзінен қорғайды.


 
3. Жарамдылық мерзімін сақтамайсыз
 
Әдетте дәріні ашқаннан кейін сақтау мерзімі өзгереді. Әсіресе сұйық дәрі-дәрмектердікі. Мысал үшін көзге тамызатын тамшылар. Оларды лажы болса айына бір рет ауыстырып тұру керек. Себебі оларда бактерия көбеюі мүмкін.


 
4. Дәрі-дәрмекті балалардың қолы жететін, күн көзі түсетін жерде сақтайсыз
 
Дәрі-дәрмекті күн көзі түсетін жерде сақтамау керек. Себебі олар бұзылып кетеді.

 
 
5. Дәрі-дәрмекті дұрыс қайта өңдемейсіз
 
Әдетте біз бар дәріні лақтыра саламыз. Ал оларды бір банкаға немесе пакетке салып, содан кейін лақтыру керек.


 
 
6. Дәрі салынған қобдишаны реттемейсіз
 
Қобдишадағы реттілік дәрілерді тез табуға ғана емес, олардың қауіпсіздігі үшін де қолайлы.


 
 
7. Неғұрлым жаңа дәрілерді қолданбайсыз
 

Біз уақытпен тексерілген дәрілерге құмармыз. Бірақ олардың көптеген жаңа баламалары бар. Олардың тиімділігі де жоғары.


 
 
8. Сақтау шарттарын сақтамайсыз


Таблеткалар, капсулалар ылғалды жылдам сіңіреді және жылдам бүлінеді. Оларды жуынатын бөлмеде сақтауға болмайды. Жатын бөлмеде не қонақ бөлмеде сақтаған дұрыс. Ал сақтау температурасы 25 °C болғаны дұрыс.


 
Дереккөз: https://www.adme.ru
нравится:    105
Теги: Аруларға кеңес, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии