Спорт
13 тамыз 17:33
Дариға Шәкімова бокстан Азия чемпионатында алтынға ие болды

Бүгін қытайлық Уланчаб қаласында әйелдер арасындағы бокстан Азия чемпионатының соңғы күні.  Қазақстандық спортшы Дариға Шәкімова алтын медальға ие болды.

Финалға жолдама алған жалғыз қазақстандық, 75 келі салмаққа дейінгі дәрежеде бәсекелесетін Д.Шәкімова ақтық сында қытайлық Ли Кюаньды - 3:0 есебімен тізе бүктірді. Осылайша, ол екінші рет Азия чемпионы атанды. Бұрын ол 2010 жылы 69 келіге дейінгі салмақта бұл атаққа қол жеткізген болатын, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметінен. 

ҚазАқпарат  

Комментарии




Яндекс.Метрика