17 Декабрь
23:37
Астана: -18 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
21 шілде 09:16
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Дәрігерлер 100 жастағы пациентке аяғы ауыр екендігін айтты
 

Алдағы қарашада тура 100 жасқа толатын Британия тұрғыны Дорис Эйлингке Хэмпшир графтығындағы ауруханадан күтпеген жерден оның жүкті екендігі жайлы  хат келген.Аяқ астынан әрі таңданып әрі қатты ыңғайсыз күйге түскен әйел одан дәрігердің қабылдауына келіп, түрлі сынамалар тапсыруы қажеттігі жазылғанын оқыған. Бір қызығы, онда туған жылы, айы, күні дәл көрсетілген.   
Дәрігерлер өздерінің қателіктерін мойындап, қарт әйелдің 76 жастағы ұлы арқылы «жөн-жосықсыз мазалағандарына» кешірім сұраған, деп жазады Российская газета The Sun-ге сілтеме жасап.
«Менің үш балам және жиырма немерем бар, бірақ мен 70 жылдан бері жүкті болған емеспін. Жасым 100-ге жақындап қалды. Қалайша аяғым ауыр болмақ?»,-дейді  әйел бұл жағдайға таңдана. «Бұл бір қызық оқиға болды, бәріміз де шек-сілеміз қата күлдік»,-дейді ұлы Брайан.
Зейнетке шыққанға дейін Дорис мектепте аспазшы болған. Батыс Суссекстегі Богнор Регисте тұрады.

Дереккөзі: ҚазАқпарат
 
нравится:    1908
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии