|    |  
22 ақпан 2020
20:27
қаз
​Дәрігерлер 22 магнит жұтып қойған сәбиді құтқарып қалды
04 ақпан 2020, 15:42 46
Украинаның Черновцы қаласында бір жастағы қыз бала ойнап отырып, магнит жұтып қойған. Ал анасы болса бастапқыда қандай да бір инфекция шығар деп балаға таблетка берген. Бірақ одан баланың жағдайы жақсармаған.


 
Содан кейін хирург шақыртқан. Сол кезде анасының есіне үлкен баласының конструктор ойнап отырыпе, магниттерінің жетіспейтінін айтқаны түскен. Бірақ олар ол магниттерді кіші қыздары жұтып қойды деген ой үш ұйықтаса түстеріне кірмегенін айтады.


 
Дәрігерлер балаға күрделі ота жасап, асқазаны мен ішегінен 22 магнит шарларын алып шыққан. Дәрігерлер баланың  Құдайдың құдыретімен аман қалғанын айтады.


 
Дереккөз: Сегодня


Жаңалықтар