17 Август
23:33
Астана: 20 °C
Алматы: 18 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
20 шілде 12:01
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Дәрігерлер дүмше емшінің құрбанына айналған 3 жасар қыздың ішінен 7 инені алып шықты



Кішкентай қыздың денесінің мына рентген түсірілімінен бес сантиметрлік жеті иненің ағзаның әр тұсында қадалып тұрғанын көруге болады. Бұл инелерді қыздың денесіне көз бояушы дуагер қара магия рәсімі кезінде қадаған екен.

Батыс Бенгалияның кішкентай тұрғынын Калькуттадағы ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер қыздың қолы сынғанын және іш қуысында бірнеше иненің қадалып тұрғанын анықтаған. Тез арада нәрестеге ота жасалып, денедегі инелерді алып шыққан дәрігерлер оның денсаулығын қатаң бақылауда ұстап отыр.



Үш жасар қыздың анасы инелердің оның денесінде қадалып жүргеніне 15-20 күн өткенін хабарлаған. Қыздың ауруханаға түсуіне негізгі себеп – оның анасы жалдамалы қызметші болып істейтін еркектің қатыгездігі себепші болса керек.



Болған оқиғаға байланысты тергеу-тексеру жұмыстары басталды. Іс бойынша қара магиямен айналысатын 50 жастағы ер кісі күдікті деп танылып отыр - ол қыздың анасын жұмыспен қамтып отырған кісі. Ол қазір баланың денсаулығына зиян келтіру фактісі бойынша қамауға алынды.
 

Дереккөзі: https://life.ru
 
нравится:    499
Теги: Денсаулық, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии