|    |  
16 қазан 2019
16:58
қаз
Дәрігерлер ер адамның басынан 10 сантиметрлік мүйіз кесіп алған
18 қыркүйек 2019, 16:12 52


Дәрігерлер ер адамның басынан 10 сантиметрлік мүйіз кесіп алған.

Аталмыш жан түршігерлік оқиға Үндістан мемлекетінде орын алған екен.

74 жастағы Шиям Лал Ядав есімді ер адам бірнеше жыл бұрын басын жарақаттап алса керек. Кейін ол жараның орнына "мүйіз" өсіп шыққан.

Ер адам әуелде ол мүйізді өзі кесіп алғысы келген. Ұзамай шаштаразына да сондай өтініш білдіреді. Алайда, мүйізі ырыққа көнбесе керек. Артынша Лал Ядав дәрігерлердің көмегіне жүгінген. 

Дәрігерлер бұл дертті "тері мүйізі" немесе "шайтан мүйізі" деп атайды екен. Ол бас жарақаты кезінде күн инфекциясы түскеннен пайда болатынын жеткізген. Абырой болғанда ота жасалып, ер адам қазір оңалу жолында екен.

Дереккөзі: Факты
 


Жаңалықтар