|    |  
24 тамыз 2019
18:58
қаз
Дәрігерлер кеудесін бамбук тесіп өтуге шақ қалған азаматты құтқарып қалды
19 қыркүйек 2016, 15:50 18

Автобус жүргізушісі Лакшми Канта Буния Үндістанның Дигха аймағында бамбук таяқшаларын тасымалдап келе жатқан жүк көлігімен соқтығысады. Жол көлік оқиғасы болған сәтте Лакшмидің сол жақ кеудесіне 99,44 сантиметрлік бамбук ағашы кіріп кетеді. Ол жедел ауруханаға жеткізіліп, оны 12 адамнан құралған мамандар командасы аман алып қалады.

Үш сағатқа созылған ота жергілікті наркозбен  жасалады. Яғни наркоз оның денесінің белгілі бір бөлігіне ғана егілген. Ал Лакшмидің өзі отаның басынан бастап, аяғына дейін ояу болған. Дәл қазір ол ауруханада қосымша ем-дом шараларын алып жатыр. Дәрігерлер оның таңғажайыптың арқасында аман алып қалды десек те болады. Себебі, бамбук таяқшасы оның денесін тесіп өтуге шақ қалған.

Daily Mail 

 


Жаңалықтар