23 Август
12:21
Астана: 25 °C
Алматы: 23 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Әлем жаңалықтары
8 қазан 16:49
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Дәрігерлер күніне 12 мың ретке дейін түшкіретін қызды емдеуге көмектеспекші (видео)


Техас штатының тұрғыны 12 жастағы Кейтлин Торнли өте сирек кездесетін науқасқа шалдықты. Кейтлин тәулігіне 12 мың ретке дейін түшкіретін болған. Осының салдарынан сабаққа барудан қалған және ұйқысы да күрт нашарап кеткен деп хабарлайды ABC News сілтеме жасап vesti.ru. Дәрігерлер болса,ауырғаны үш апта толған қыздың бұл жағдайын түсіндіре алмай отыр.

 

Кейтлиннің өзі былай дейді: «Мен кларнет аспабын тарту үйірмесінен үйге келе жатып түшкіре бастадым. Сол түні мен ұйықтап жатып, 30-ға жуық рет түшкіргенім есімде». 
Ал оқушының ата-анасы қыздарының денсаулығы үшін қатты алаңдаулы. Қыздың әкесінің сөзіне қарағанда, ол тоқтамай 45 минут бойы түшкірген.

Дәрігер мамандар Кейтлиннің ауыруы – ол жүйкенің тартылуының өзгеше түрі екендігін алға тартады. Алайда аталған ауыруды емдеудің жолын ұсына алмай отыр.


 
нравится:    1035
Теги: Денсаулық, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии