|    |  
14 қараша 2018
13:53
қаз
​Дәрігерлер шоколадты күнделікті тұтынуға кеңес берді
16 ақпан, 17:08 465

Дәрігерлердің зерттеулеріне сенсек , ауа - райының қолайсыздығына байланысты ағзаңызға күн сәулесі жеткіліксіз болса, күнделікті шоколадты тұтыну керек. Бұл туралы Telegraph басылымы жазады.
 
Какао-бұршақтарының құрамындағы жеңіл қорытылатын көмірсулар,майлар,өзектер мен В тобының дәрумендері,антиоксиданттар және тағы басқа ағзаға қажетті заттардың бәрі шоколад құрамында жиі кездесетінін ғалымдар дәлелдеген.

Дәрігерлердің пайымдауынша, олар қандағы холестерин деңгейін тұрақтандырып, адамның есте сақтау қабілетін жақсартады.

Осыған байланысты,қыстың соңғы кезеңінде шоколадты жиі тұтыну шаршағандықты басып, ашушаңдық  пен агрессияны төмендетіп  адамның психологиялық тепе-теңдігін сақтауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, жүрек соғу жұмысына да оң әсерін тигізетінін дәлелдеген.

Ал құрамындағы кокохил атты ерекше қоспаның арқасында адам терісінің жасушалары жасарып,қан айналымы жақсара түседі,- деп жазады ғалымдар.

Дереккөзі:Метро
Теги: Денсаулық
Жаңалықтар