|    |  
19 қыркүйек 2019
17:35
қаз
Дәрігерлер жас жігіттің асқазанынан 39 шеге мен оттықты алып шықты
11 тамыз 2017, 12:49 26


Мысыр хирургы емделушінің асқазанынан 39 шеге, оттық және тырнақ алуға арналған құралды алып шықты, деп хабарлайды Youm7 порталы.

Абдуррахман Мустафа есімді хирург порталға берген сұхбатында 30 жастағы жігіт асқазаны ауыратынын айтып шағымданғанын айтады. Ультрадыбыстық зерттеулерден дәрігер ерекше күдік тудыратын бөгде заттарды көріп таң қалғанын жасырмады.

Үш сағатқа созылған ота жасау нәтижесінде жігітің асқазанынан 39 шеге, оттық және тырнақ алуға арналған құралды алып шықты.

Дәрігердің мәлімдеуінше, қазір науқастың жағдайы бірқалыпты, 15 тәуліктен кейін ол ауруханадан шығарылатын болады.

Науқастың туыстары оның мұндай жағдайға тап болуы алғаш рет емес екенін мәлімдеген – жас жігіт бұған дейін де денсаулыққа қауіп төндіретін заттарды жұтып қойған.
 

Дереккөзі: РИА Новости
 


Жаңалықтар