19 Август
15:12
Астана: 20 °C
Алматы: 25 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Кербез
20 шілде 15:43
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Дәрігерлер жазғы сүйретпе аяқ киімнің зияны туралы айтты


Мұндай аяқ киім денсаулықты бұзып қана қоймай, адамның жүрісін де өзгертуі мүмкін.

Ортопед Кристина Лонг Daily Mail газетіне берген сұхбатында жазғы сүйретпе аяқ киімді жиі киюдің зияны туралы әңгіме қозғады.

Маманның айтуы бойынша, мұндай аяқ киім адамның табиғи жүрісін бұзып, белдің және ахилл сіңірінің аурулары проблемаларына алып келуі мүмкін.

Сонымен қатар, жазғы сүйретпе аяқ киім киюді қалайтындарға ұлтандық фасцит (өкше терісінің қалыңдауы) қаупі төнеді.

Аяқ киімнің ыңғайсыздығы да атап көрсетілді: аяқ үнемі сыртқа сырғып шығып кетеді, бұл өз кезегінде әртүрлі жарақаттар алуға, соның ішінде аяқ сүйектерінің сынуына алып келеді. Мұндай аяқ киіммен көлік жүргізбеуге кеңес беріледі.

— Жаз мезгілінде маған аяқ киімнің нақ осы түрінің салдарынан түрлі проблемаларға ұшыраған жандар жиі хабарласады, — деп мәлімдеді Лонг.

Алайда, дәрігер егер ұлтаныны жұмсақ әрі ыңғайлы болса, мұндай аяқ киімдерді қысқа мерзімге ғана қолдануға болатынын ескертті.

Дереккөзі: https://life.ru
 
нравится:    192
Теги: Аруларға кеңес, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии