Әлем жаңалықтары
11 қыркүйек 17:07
​Дәрігерлер жүні өсіп кеткен мысықты аман алып қалды
АҚШ-тың Иллинойс штатында жануарларға арналған приюттың есігінің алдына белгісіз ер адам қорап әкеліп тастаған. Бұл жайт бақылау камерасына түсіп қалған.


 
Таңертең жұмысқа келген қызметкерлер қораптан жүні қатты өсіп кеткен мысықты алып шыққан. Олар бастапқыда бұл құбыжықтың мысық екенін түсінбей қалған. Жануар жүні өсіп кеткендіктен әрең қозғалған. Қызметкерлер оған ұйықтататын дәрі беріп, оны толықтай қырқыған. Ветеринарлар бұл іске бірнеше сағат жұмсап, екі келі жүн шығарған. Қырыққаннан кейін мысықтың салмағы 10 келі екені анықталған. Бұл мысық үшін тым көп. Енді қызметкерлер оны диетаға отырғызып, жаңа өмір бастатпақ.






 
Дереккөз: Сегодня

Комментарии




Яндекс.Метрика