13 Декабрь
07:42
Астана: -27 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Кербез
6 мамыр 12:07
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Дәрумен жетіспеушілігінің 5 белгісі
Дәрумен жетіспеушілігінің 5 белгісі 


Көктемде көптеген адамға дәрумен жетіспей, тұмау, бас ауруымен жиі ауырып жатады. 
Ағзаңызға дәрумен жетіспейтінін қалай білуге болады? Мына 5 белгімен танысыңыз:

1-белгі: ауыздың жан-жағындағы терінің жарылып кетуі
Егер ауыздың жан-жағындағы тері жарылып кетсе, темір, мырыш, ниацин (B3), рибофлавин (B2) және B12 дәрумендері жетіспейді дегенді білдіреді. Бұл проблема көбіне ет жемейтін вегетариандықтарда болып тұрады. Себебі олар еттен бас тартып, темір мен мырышсыз қалады. Сондай-ақ мал беретін азықтан бас тарту жаңа жасушалар мен ұлпаларды құратын ақуыздың жетіспеушілігіне әкелуі әбден мүмкін.
Не істеу керек?
Ет, құс еті, лосось, тунец, жұмыртқа, қызанақ, арахис, жасымықты көбірек жеуіңіз керек. Сонымен қатар С дәрумені жайлы да ұмытпау қажет. Сол себепті брокколь, қызыл бұрыш, ақ және түрлі-түсті орамжапыратан тағам жасап, жеу керек.

2-белгі: беттің қызаруы, бөртуі, шаштың түсуі
Бұл әдетте биотин (В7) дәруменінің жетіспеуінен болатын проблемалар. В7 – шашқа арналған дәрумен. Біздің ағзамыздың А, Д, Е, К секілді май ерітетін дәрумендерді сақтай алатын қабілеті бар. Шикі жұмыртқа ағзадағы биотинді сіңіруге кедергі ететінін ескеріңіз.
Не істеу керек?
Қайнаған жұмыртқа жеуіңіз керек. Лосось, авокадо, саңырауқұлақ, түрлі-түсті орамжапырақ, соя, жаңғақ, таңқурай мен банан жеуіңізге болады.

3-белгі: беттегі, қолдағы, жалпы денедегі қабыршақтанған қызыл, ақ дақтар
Бұл әдетте А және Д секілді майлы қышқыл дәрумендерінің жетіспеуінен болады.
Не істеу керек?
Лосось, сардина балығы, грек, миндаль жаңғақтарын жеу керек. Олардың құрамындағы Д дәрумені ағзаға жақсы сіңуі үшін көкөніс, сәбіз, тәтті картоп, қызыл бұрыш секілді құрамында бета-каротині бар азық жеуіңіз керек. Бұл азықтардың арқасында ағзаға А дәрумені де жетеді.

4-белгі: Қол, аяқ және басқа дене мүшелерінің ұйып, шаншуы
Бұл В9 қышқылы мен В6, В12 дәрумендерінің жетіспеуінен болады. Мұнымен қатар сізде себепсіз күйзеліс, шаршау, гормондық тұрақсыздық, яғни көңіл-күйдің өзгеруі, қорқыныш, абыржу сияқты сезім пайда болуы мүмкін.
Не істеу керек?
Саумалдық, қояншөп, қызылша, бұршақ тұқымдастар, қайнатылған жұмыртқа, сегізаяқ, устрица немесе құстың етін жеу керек.

5-белгі: бұлшық еттің түйіліп ауруы, башпайдың, балтыр және арқаның ауруы
Бұл магний, кальций мен калийдің жетіспеуінен болады. 
Не істеу керек?
Егер спортзалға барып жаттығатын болсаңыз, минерал мен суда еритін дәрумендерді қабылдауыңыз керек. Ал спортпен шұғылданбайтын болсаңыз және компьютер алдында көп отырсаңыз, көбірек банан, миндаль, жаңғақ, шие, алма, грейпфрут, брокколь, орамжапырақ пен саумалдық жеуіңіз керек.
Деніңіз сау болсын!

Дерекккөзі:massaget.kz
 
нравится:    1861
Теги: Аруларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии