23 Апрель
13:30
Астана: 14 °C
Алматы: 22 °C
USD/KZT: 326.17
EUR/KZT: 401.25
RUB/KZT: 5.31
CNY/KZT: 51.84
Әлем жаңалықтары
14 қаңтар 16:29
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Дау - қарындастан! Қыз алып қашуға қай кезде рұқсат берілген?
Уақыт өте ұлттық менталитеттің өзгеруі - заңдылық. Одан жын көргендей безіне жөнелудің қажеті шамалы. Осы орайда ауыз толтыры айтарға мысал жетіп артылады. Бірақ біз дәстүр атаулының ең бір шиеленісіп тұрған сұрағына қарай ойыссақ... Қыз алып қашу. Дұрс па? Бұрыс ба? Дәстүр ме? Қылмыс па? Сонымен тарқата жөнелсек. 



Қыз жалпы әулеттің - ары. Сондықтан әңгіменің әуелгі басында айта кеткеніміз жөн біздің. Қызды адасқан қойдың қозысындай орап алып, безе жөнелудің... Артынша оны меншігі етіп жариялаудың еш жөні жоқ. Дінде де солай, ділде де солай... Қазақ танымайтын қызды әй жоқ, шәй жоқ алып қашуға еш рұқсат бермеген. Бұл біздің дәстүр емес. 

Дегеніміздің дәйегі болсын. Тәукенің "Жеті жарғысында" қыз алып қашу - жігіттікке сын деп жазылған. Неге екенін қазір тарқатып жазамыз. 

Сонымен қыз алып қашу қалай пайда болды?

Замандардың заманында қазақ даласында қызды қолдан алу сән салтанаттың белгісі еді. Сондықтан үнемі қызға қалың мал атап (оны тәрбиелеген шаңыраққа алғысы) үйінен ұзатып алған. Егер қалың мал төлеуге ердің ауқаты жетпесе ауылдың байы қалың малын есептеп берген. 

Кезі келгенде қазақ даласында таптық айқас басталғанды. Сонда төлерге малы, сүйенерге байы қалмаған ер азаматтар қыздың шаңырағымен келісе отырып, оны алып қашқан. Қызды алып қашу - дәл осы жағдайда ғана дәстүрге ұласады. Қалған жағдайда бұл не заңға, не дінге не ділге қарсы болып есептелмек. 

Дереккөзі: Реактор
нравится:    387
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:
Загрузка...

Комментарии